Жайдарман ойындары

ҚМПУ қабырғасындағы студенттік өмір – бұл тек қана оқу процессі емес, сонымен қатар белсенді демалыс, естен кетпес мерекелік іс-шаралар және шығармашылық. Оған дәлел көңілділер мен тапқырлардың басын қосатын, жыл сайын студенттердің қызығушылығын арттырып, өздерін жаңа қырдан тануға үлкен үлес қосып келе жатқан Жайдарман (КВН) ойындары.

Біздің білім ордамызда 2007 жылдан басату алған, жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды.  Көптеген жастардың жүрегіне жол таба білген Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. Егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, халқымыздың рухани және мәдени топтасуы мен ұрпақтар сабақтастығын ұштастыруды, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – студенттерді, жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды

Жайдарманның ең негізгі мақсаты:

  1. Мемлекеттік тілді КВН қозғалысын өркендету. Қазақ тілін кеңінен қолдану өрісін көркейте түсуге және де беделін арттыруға үлес қосу;
  2. Студенттердің жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;
  3. Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
  4. Жастар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
  5. Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
  6. Жастар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
  7. Жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
  8. Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру;
  9. Халықаралық бітім мен азаматтық келісімге келуге, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-
    ғұрыптарының дамуына, өнегелі және рухани байлықтарын нығайтуға жағдай жасау.

Қазіргі таңда Қалалық лигаларда университет намысын қорғам жүрген «Біріккен Ұстаздар Ұйымы» және «ҚМПУ құрамасы» бар.

Биылғы жылы құрылған Жатақхана студенттерінің «Сборная Общаги», Әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің «План Б», Филология факультетінің «Театр Абсурда», Жаратылыстану-математика факультетінің «Над пропастью по ржи», Дене шынықтыру факультетінің «Команда имени Хрущева» топтарынан үлкен үміт күтеміз.

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жастар саясаты Жайдарман ойындары