ҚМПУ студенттер кеңесі

ҚМПУ Студенттер кеңесі жатақханда тұратын студенттерді тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатындағы іс-шаралар кезінде қызығушылығын арттыру, тәрбие ісі, мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, студенттік және университеттiк ортада оң дәстүрді қалыптастыру және сақтау, саналы тәртіп пен өзін ұстай білу, талапшылдық пен принципиалдыққа тәрбиелеу.

ҚМПУ студенттер кеңесі студенттердің бос уақытының тиімді өтуімен, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу мен қатысу, ҚМПУ жатақханасының ішкі тәртібі мен тазалығына бақылу жүргізумен, жатақхана студенттерін студенттік өмірдің аспектілерімен ақпараттырумен айналысады.

ҚМПУ студенттер кеңесі әр бағытта үлкен жұмыстар жүргізіп, «Студенттер үйі» құрамывмен қызықты іс-шаралар өткізеді:

  • «Студенттер үйі» құрамымен кездесу;
  • табиғатқа саяхат;
  • қала ішінде экскурсия;
  • мұражайлар, театрларға бару.

Жатақхана және арнайы тапсырылған территорияларда тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында сенбіліктер өтеді. Мерекелік және атаулы күндерге орай газеттер, ақпараттық газеттер шығады. Ғалымдар, өнер адамдары, медицина қызметкерлерінің т.б. қатысуымен қызық әрі танымды дәрістер өткізіледі.

Студенттер кеңестің ұйымдастырумен өтетін «Ұздік топбасшы», «Үздік бөлме» бақылау-сайыстары нәтижесінде, жатақханада тұратын үлгілі студенттер, қабат топбасшылары мақтау қағаздарымен марапатталады. Әрине мұндай көлемді әрі көпбағытты жұмысты Студенттер кеңестің жалғыз өткізуі мүмкін болмағандықтан, көмекке Тәрбие-ісі жөніндегі басқарма, жатақхана әкімшілігі толығымен келеді. ҚМПУ студенттер кеңесі жатақхана студенттерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту мақстатында, түрлі тапсырмаларды ойдағыдай орындап келеді.

ҚМПУ Студенттер үйінің студенттер кеңесінің төрағасы Өскен Ләззат Мақұлбекқызы (жаратылыстану-математика факультеті).

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жастар саясаты ҚМПУ студенттер кеңесі