«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты

«Жас Отан» жастар қанаты 2008 жылдың 14 мамырында Астана қаласында өткен «Жас Отанның» I съезінде қоғамдық бірлестік ретінде құрылды. Ұйым құрамы 2012 жылы 200 мың адамды құрады. Ұйым миссиясы - «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысында жастарды табысқа жеткізудің жолын ашу және еліміздің өткенін бағалайтын, болашаққа сеніммен қарайтын, Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көретін азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру, мақсат - өз соңына жастарды еріте алатын, күшті әрі абыройлы саяси жастар ұйымын құру. 

«Жас Отан» ЖҚ қызметін Қазақстан Республикасы шекарасында Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» т.б. заңдарына сәйкес жүргізеді, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларымен, халықаралық шарттармен, еріктілік, тең құқылық, өзін-өзі басқару және заңдылық қағидаттарын сақтай отырып, осы Жарғының негізінде нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларымен, халықаралық шарттарға сәйкес жүргізеді.

«Жас Отан» ЖҚ «Нұр отан» Халықтық-демократиялық партиясының идеяларын толығымен қолдайды және жүзеге асырады.

«Жас Отан» ЖҚ мақсаты – Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жағдай жасау

Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ бөліміндегі студенттердің бірігу мақсаты төмендегі бағыттарға байланысты:

  • ЖОО студенттерінің құқытарын қорғау мәселелерін шешу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру;
  • азаматтық, мәдени, спорт, ғылыми, білім, қайырымдылық басқару және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру;
  • жастардың өзін-өзі толықтай дамуы үшін толығымен жағдай жасау;
  • жастардың құқығын қорғау, дау және жанжалдарды шешу кезінде көмек.

Міндеттері: 

  • Жастар ұйымдарымен және басқа елдердің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау;
  • Республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессия аралық келісімді қолдауға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу және оларға қатысу;
  • Қызметі «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарын, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін барлық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық жасау;
  • Жастар бағдарламаларын, жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеуге, қаыблдауға, бекітуге және оларды іске асыруға белсенді қатысу;
  • Еліміздегі жастардың мәдени-бұқаралық, спорт, қайырымдылық және балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалыстарын дамытуға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
  • «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ қызметінің түрлі бағыттары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ЖОО-ның «Жас Отан» Жастар қанаты төмендегі ұйымдармен қарым-қатынас жасайды:

  • «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдары;
  • Мемлекеттік өкілетті орган;
  • Жастар ісі комитеттері, студенттік кәсіподақ ұйымдары, студенттік клубтар;
  • студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен;
  • проректорлар, деканадар, тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасалары, кафедра кураторлары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.

Әр оқу жылында «Жас Отан» ЖҚ өз құрамына 1 курс студенттерді тарту мақсатында жұмыс жүргізеді. Биылғы жылы университет студенттеріне жұмыс бұрышы бөлінді. Студенттер «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалымен бірігіп жұмыс жасайды. Негізгі қызмет қайырымдылыққа бағытталған.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жастар саясаты «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты