Шахаман Зәмзәгүл Бәйекеқызы

  • + Қазақстан тарихы кафедрасы
  • + Лауазымы: профессор
  • + Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының кандидаты
 

Шахаман Зәмзәгүл Бәйекеқызының туған жері Қостанай облысы Жангелді ауданы, Торғай ауылы. Екатеринбург қаласының А.М. Горький атындағы Урал мемлекеттік университетінің философия факультетінің түлегі.

Оқытушы қызметін А.С. Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтының саясаттану кафедрасынан бастады. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Отан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, А. Дулатов атындағы ҚИЭНУ-де кафедра меңгерушісі болып және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор қызметін атқарды.

Тарих ғылымдарының кандидатының ғылыми дәрежесін алу мақсатында 2002 жылы Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтында «1959-1989 жылдар аралығындағы Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік демографиялық дамуы» атты диссертациясын қорғады.

  • 2006 жылы бір ай мерзімінде Израильдің Тель-Авив қалаласында ғылыми тәжірибиеде болды. 
  • ҚМПИ-да магистратура бөлімінің меңгерушісі және ғылыми кадрларды дайындау бөлімінің бастығы, білім сапасының менеджменті бөлімінің бастығы және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
  • 2009 жылы ҚР БҒСБК доценті ғылыми атағына ие болды.
  • 2009 жылдан бастап ҚМПИ-ның сырттай оқыту факультетінің деканы, қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту факультетінң деканы.

Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Монғолия, Ресей және Тәжікстанда жарық көрген 40-тан астам ғылыми мақалалардың (және екі оқу құралының) авторы.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Мұғалімдер Шахаман Зәмзәгүл Бәйекеқызы