Осы жерде сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлауды қалдыра аласыз
Здесь вы можете оставить сообщение о факте коррупции
 

Тоқта, сыбайлас жемқорлық!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ 

100 нақты қадам - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.

100 нақты қадам елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорынжасап беретін болады.

Мемлекет басшысы 5 президенттік реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадамының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды.

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекіту туралы» Жарлығы, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия «Қазақстан-2050» Стратегиясында: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында әзірленді. Стратегияны іске асырудың нәтижесі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекеттік институттарға деген сенімнің, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, сондай-ақ халықаралық елдердің рейтингтерін жақсарту болып табылады.

2017 жылдың наурыз айында біздің университетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Университет студенттері 2018 жылдың мамыр айында құрылған «Жастар арасындағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» клубының жаңа әлеуметтік жобасын жүзеге асыруға белсене қатысады.

2018 жылдың 1-ші қыркүйегінде біздің университетімізде студенттерге ар-намыс кодексі және оқытушылар мен қызметкерлерге арналған жаңа ұжымдық әдептілік кодексі күшіне енді, бұл құжаттар университет сайтында орналастырылған. Студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмысын жалғастыруда, онда қызмет «бір терезе қағидасына» негізделген. Университеттің АКО-да мемлекеттік қызметтерге өз бетінше қол жеткізу секторы ашылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсыныстары бойынша 1 қыркүйектен бастап құқықтық негіз пәні бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін зерделеу басталды. Жүйелі негізінде «Таза сессия» акциялары өткізіледі.

2018 жылдың тамыз айында біздің университет академиялық адалдық лигасының құрылтайшыларының жетекші жоғары оқу орындарының құрамына кірді. Университеттің ректоры Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 2018-2020 жылдарға арналған академиялық адалдық принциптерін жетілдіру жол картасын бекітті.

Қазіргі уақытта біздің университетіміз академиялық адалдық принциптерін қолдану бойынша, атап айтқанда, емтихандардың 90% -ын жазбаша түрде қабылдау және студенттердің оқу нәтижелерін бағалау критерийлері туралы ұсыныстар алынды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Тоқта, сыбайлас жемқорлық!