Наш Костанай, 2017 год, 12 желтоқсан (№ 98), Б. 6 | Рухани жаңғыру

Ospanov Serikbay

Замандастарымыз тәуелсіздік жайлы өз ортаға салады

Міне, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне де санаулы күндер ғана қалды.

Газетіміздің арнаулы тілшісі осынау мейрам қарсаңында есімдері өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдерімен сөйлесіп, өткен жылдардағы қол жеткен жетістіктеріміз жайлы сырласқан еді.

Төменде осы сауалнаманы оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Оның әсіресе, өскелең ұрпаққа берері мол деп есептейміз. Өйткені, республикамыздың тарихын білмей, болашақты болжау мүмкін емес.

Серікбай ОСПАНОВ, көрнекті ақын, Қостанай қаласының құрметті азаматы:

– Тәуелсіздік біздің ата-бабаларымыздың асыл арманы болатын. Сол бақытты күндерге біз жеттік. Ендігі басты мақсат оны одан әрі баянды ету. Ол бәріміздің де туған жерімізге деген жанашырлығымызға, іскерлігімізге және тиянақтылығымызға әбден байланысты десем орынды болар.

Егемендік алған жылдар Қазақстан үшін нағыз өркендеу, кемелдену, ілгерілеу кезеңі болды десек орынды болар. Бұл күндері Отанымызды жаһан халқы жете біледі.

Артта қалған кезеңде мәдениет, экономика, денсаулық және барлық өзге де салаларда ауыз толтырып айтарлықтай биік деңгейге жеттік. Барлық шаһарларымыз құлпыра әрі гүлдене түсті.

Осы арада Елордамыз Астана жайлы ерекше тілге тиек еткім келеді. Өйткені, аз уақыттың ішінде ол әлемдегі ең сұлу әрі көркем қалалардың бірегейіне айналды.

Биыл онда халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі ойдағыдай ұйымдастырылды. Оған қаншама елдерден мәртебелі қонақтар келіп, тәнті болды. Бұл да болса қазақстандықтардың жасампаздық еңбегінің нәтижесі дер едім.

Өзім шығармашылық адамымын. Бүкіл өмірімді әдебиетіміз бен мәдениетімізге, ғылымға арнадым. Осы ең ұлы мерекеміз тәуелсіздік күніне байланысты қаншама танымдық-тағылымдық жағы мол өлең жаздым.

Биыл жарық көрген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп атала-тын мақаласы барша жұртшылыққа үлкен ой салды. Онда айтылған жайлардың бәрі де өте орынды. Мақалада алдағы уақытта жүзеге асыралатын міндеттер нақты көрсетілген.

Мен ұлттық құндылықтарымызды жоғары бағалаймын. Домбыра жасайтын өнерімді де исі қазақ жақсы біледі. Болашақта да рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға өзімнің лайықты үлесімді қоса беремін.

Қостанайлық ағайындарды ұлы мерекемен құттықтай отырып, оларға ізгілік пен ырыс-береке тілеймін.

Аягөз КӘКШЖАНОВА

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Ғылым Наука Публикации ППС в СМИ Қазақстанның болашағы жарқын