Бүгінгі білікті студент - сапалы білім кепілі ал оларды даярлау қандай деңгейде?

Қостанай таңы, 2005 жылы, 8 ақпан, №14

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында "Педагогикалық ЖОО-да мұғалімдердің көсіптік біліктілігін қалыптастыру жолдары" атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференцияның пленарлық мөжілісін осы оқу орнының ректоры Қуат Баймырзаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Конференцияда ҚМПИ-ның оқу және өдістемелік жумыстары жөніндегі проректоры Сейітбек Қуанышбаев, облыстық білім департаментінің директоры Генрих Шек, ресейлік ғалым Елена Бережнова және тагы басқалар педагог біліктілігі төңірегінде қысқаша баяндама жасады. Пленарлық мәжілістен соң конференцияга қатысушылар секцияға бөлініп, тақырып төңірегінде ой-пікір қозгады.
Бүгінде мұгалім бейнесі қандай, уақыт талабына сай ма, оқытудың өз әдістәсілі бар ма, сол оқытудың өзіндік өдістемесін жетілдіруге ұстаздың көсіптік біліктілігі жеткілікті ме, жоғары оқу орындарында педагог мамандыгын таңдаган болашақ мамандар мектепке баруға дайын ба, олардың білімі мен біліктілігі қандай деген сауалдар жауабын осы гылыми-өдістемелік конференциядан іздегендей болдық.
Конференцияда сөз алгандар заман талабына педагог сай болу үшін, ең алдымен мамандық таңдауды мектеп қабыргасынан бейімдеу қажет дейді. Сол сияқты өрбір мүгалім де "қалай оқыту керек" дегенге өзінің білім сапасын көтерумен қатар жаңа технологияларды пайдалана отырып, нақты мақсатын көре білуі арқылы оқушы баланы жеке тұлга ретінде қалыптастыруы қажет екен.
Мұғалімнің біліктілік деңгейінің бір ұшы ақпараттық технологиямен байланысты деп айтсақ та, компьютердің тілі әлі өзге тілде. Өйткені "Деректер банкісін" қазақ мектептері қолдана алмайды. Конференцияда мүғалімнің педагогикалық шыгармашылыгын дамытуга, зерттеу жүмысымен айналысуга қабілеттілігін, қызыгушылығын тудыру, оларга қогамның қажеттілігіне сай білім беру қажет деген пікірлер айтылды.
Қорыта айтқанда жогары оқу орны, мектеп, білім саласын басқару органдары біріге отырып, мұғалімдердің біліктілігін қалыптастыру жолдарын іздестірсе мүмкін сонда ғана білім сапасын арттыруға қол жеткізерміз.

Гүлназым Сағитова

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Ғылым СМИ о нас Бүгінгі білікті студент - сапалы білім кепілі ал оларды даярлау қандай деңгейде?