Ректордың құттықтау сөзі!

Rector KSPU

Құрметті достар!

Қазақстанның солтүстігіндегі Қостанай қаласында орналасқан Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне хош келдіңіздер!

Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау ісімен айналысатындығы біздің университеттің атынан-ақ көрініп тұр. Университеттің оқу бағдарламалары математика және табиғаттану ғылымдары, филология, психология және педагогика, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, дене тәрбиесі, спорт және туризм секілді мамандықтарға қатысты жасалған.

Біздің университет «Үштілді білім беру» талаптарына сәйкес ағалшын, қазақ және орыс тілдерін оқытатын курстарды ұсынады. Біз Болон келісіміне қол қойған және жоғары білім берудегі Еуропалық кеңестіктің мүшесі ретінде Болондық принциптерді толығымен қабылдаймыз. Кредитке ауысудың Еуропалық жүйесі мен кредиттік ұтқырлықты мойындай отырып, студенттер мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын қолдаймыз.

Отандық және халықаралық университет-әріптестермен байланыста қызмет ету – біздің университеттің білім беру ісі мен ғылыми жұмыстардың ажырамас бөлігі.

Біз Қазақстанның, Ресейдің, Кипрдің, Қытайдың, Францияның, Германияның, Венгрияның, Литваның, Польшаның, Словакияның, АҚШ және басқа да елдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста болуды ғылыми зерттеулерді әрі қарай дамытудың басым бағыттары деп есептейміз.

Біздің студенттер мен қызметкерлерге табыс тілеймін және жаңа студенттер мен жаңа қызметкерлер қиын да қызғылықты жұмыстарымызға қосыла отырып, біздің ұжымның белсенді бір бөлігі болатындығына сенемін.

Ректор
Әбіл Еркін Аманжолұлы

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Ректордың құттықтау сөзі!