book 2018

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»


Аннотация:

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына жыл бойына оқылатын кітап таңдалды. 2018 жылғы оқу акциясына тұңғыш рет үш бірдей кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптарын оқу жыл бойы насихатталатын болады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген ұлтымыздың көрнекті ақыны. Ұлы Абайдың Құдайберді деген ағасынан туған немере інісі. Шәкәрім – ақын ғана емес, ол – жазушы, тарихшы, композитор әрі философ. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгеріп, бұл тілдерден аударма да жасаған.

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабында ата-бабасының шығу тегін, ерлік салтын, ұрпақ тәрбиесін, қарапайым ауыл адамдарының кісілік келбетін, мінез-құлқын, сол кездегі қоғамдық ортаны, әлеуметтік жағдайды, ізгі дәстүрімізді жазған.

Қазақтың Корчагині атанған жазушы, ғалым Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологта ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болады. Науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары бас қаһармандар Ержан мен Гауһардың монологтары арқылы берілген.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Бір ел – бір кітап Жыл кітабы - 2018