Мамандық таңдау – мектеп түлектерінің күрделі міндеттердің бірі. Бұл ересек өмірге қадам. Жасөспірімнің өзі таңдау жасау қиын, себебі ол көптеген мамандықтармен әлі таныс емес. Сондықтан біздің ЖОО-ның көптеген оқытушылары Қостанай қаласы мен облыс мектептерінің түлектерімен кездесу үшін облыс мектептерін аралап кәсіби бағдар береді. 2019 жылдың 5 сәуірінде ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова Қамысты ауданының оқушыларымен кездесті.

2019 жылдың 5 сәуірінде Қамысты ауданының оқушылары мен мұғалімдері үшін мектеп медиациясы бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинарда О. Н. Евдокимова «Мектеп жанжалдарын шешудегі медиативтік тәсіл және медиация» атты алғы сөзінің аясында медиация және оның мақсаты туралы айтып, ҚМПУ жанындағы медиация және халықтық дипломатия мектебінің жұмыс тәжірибесімен таныстырды, жұмыс тәжірибесінен алынған кейбір әдістемелік тәсілдерімен бөлісті және оқытушылар арасында оқушылар мен мұғалім арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге арналған тренинг өткізді.

2019 жылдың 5 сәуірінде «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының апталығы аясында «Көпмәдениетті тілдік кеңістікте балалардың тілдік белсенділіктерін дамыту» тақырыбында әдістемелік идеялар аукционы өткізілді. «МД және ББ» кафедрасының оқытушылары мен «БОПӘ», «МДТО» мамандықтарының 3, 4 курс студенттері сайысқа белсене қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – көптілділік жағдайда кіші мектеп жасындағы оқушылардың мәдениетаралық коммуникацияларын қалыптастыруда педагогикалық тәжірибені тарату болып табылды.

2019 жылғы 4 сәуірде Сұлтанғазин университетінің профессорлық-оқытушылық құрамына жаңа әліпбиге негізделген емле ережесіндегі тараулар, параграфтар, ескертулер бойынша тілдік орфографиялық білім беру мақсатында кезекті дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова, «Латыннегізді қазақ әліпбиі» оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Сейсембай қатысты. 

2019 жылдың 4 сәуірінде ҚХА кафедрасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға ауысу ерекшеліктері» білім беру жобасы аясында «Болашақтың біртұтас ұлтын қалыптастыру - Қазақстанның стратегиялық таңдауы» атты кезекті диалог алаңы өтті. ҚХА кафедрасының профессорлары, п. ғ. к. З. У. Карбенова мен   т. ғ. к. В. Г. Вишниченко филология факультеті студенттерінің алдында сөз сөйледі. Студенттер диалог алаңының жұмысына белсенділік танытып, пікірталасқа қатысып, мәселеге байланысты өз ойларын ашық айтты.

2019 жылдың 4 сәуірінде сағат 13:30-да «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу"мамандығының 2-3 курс студенттеріне арналған педагогикалық олимпиада өткізілді. Іс-шара дарынды және талантты студенттерді анықтау үшін тең жағдай жасау, олардың ары қарай зияткерлік дамуы мен құзыреттілігі. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі мамандығының маңыздылығын насихаттау мақсатында өткізілді. Кафедра оқытушылары Гущина У. В. және Жандауова Ш. Е. жетекшілігімен педагогикалық олимпиаданың сценарийі мен тапсырмалары әзірленді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің дене шынықтыру факультетінің шақыруымен. Спорт және туризмді туризм саласының маркетинг профессоры Лина Анастасова шақырылды, ол 3 сәуірден бастап «Туризм» мамандығының студенттерімен жұмыс жасайды. Ол туристік маркетингтің негізгі тақырыптарын қарастырды, соның ішінде: Стратегиялық маркетингті жоспарлау - дамудың негіздері мен сатылары; Маркетингтік талдаудың стратегиялық құралдары - SWOT және портфельді талдау; Маркетинг стратегиясын әзірлеу.

2019 жылдың 3 сәуірінде университеттің 80 жылдық мерейтойы аясында ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген отырысында Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің құрметті кітабының тұсаукесері өтті. Бірінші Құрмет кітабында университеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін университеттің 62 оқытушысы мен қызметкерлері еңгізілген. Іс-шараның басында  ардагерлер кеңесі төрағасы Әбдіқалықова К.А. Құрмет кітабына енгізілгендердің қайтыс болып кеткендеріне  бір минут үнсіздік сыйлау ұсынды.

2019 жылы 2 сәуір күні ҚМПУ конференц-залында Қазақстан Республикасының Тұңғыщ Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы аясында орындалып жатқан студент жастардың қызметі туралы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚМПУ аппарат басшысы Бекмағамбетов Р.К., факультет декандары мен декан орынбасарлары және студенттер қатысты. Жаратылыстану-математика факультетінің декан орынбасары Тауакелов Ч.А. «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 қараша 2018 жылға халыққа жолдауы аясында студент жастардың қызметі» туралы сөз сөйледі.

Қостанайлық кәсіпкер Галина Шнайдер өңірде алғашқылардың қатарында күн және жел энергиясын пайдаланып, бизнес кәдесіне жұмсаған. Мейрамхана-қонақүй кешенінің иесі 2 сәуір күні «Тәлімгерлік принциптерімен жобалық оқыту» курсы шеңберінде бастауыш кәсіпкерлер мен студенттерге арнап экскурсия ұйымдастырды. «Золотой фазан» («Алтын қырғауыл») кешеніне экскурсияға қатысуға Қостанай мемлекеттiк педагогикалық университетінің студенттері де ынта танытты. Біріншіден, жуырда университет қабырғасында «U – SMART» бизнес-инкубаторы ашылды. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар