2019 жылдың 20 қыркүйегінде "мамандықты таңдау" жобасын іске асыру бойынша "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ-мен кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде 9 және 11 сынып оқушыларымен сырттан тыс іс-шара өткізілді. 

Жобаның мақсаты: жоғары оқу орындарында оқуды таңдауға баса назар аудара отырып, болашақ кәсіби қызметті таңдау бойынша оқушыларды кәсіби бағдар беру.

2019 жылдың 19 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлыларды ұлықтау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қарасай ауылында Қарасай мен Ағынтай батырларының мемориалдық кешеніне 20 жыл толуымен және қазақ батырлары – Қарасайға 421 жыл, Ағынтайға 420 жыл толуына орай М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Ұлы Даланың хас батырлары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

"Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері жыл сайын Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілетін іс-шаралардың белсенді қатысушылары мен оқырмандары болып табылады. 18 қыркүйек күні бірінші және төртінші курс студенттері ақын Анна Ахматованың 130 жылдық мерей тойына арналған "Күміс дәуірінен темір дәуіріне" атты әдеби кешке қатысты. Іс-шара өте ерекше әдісте өтті. Және де Анна Ахматованың Санк- Петербургтегі музей үйіне онлайн -экскурсия жасалды.

2019 жылдың 17 қыркүйегінде орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары Арсаева С. Б., Конвисарова Л. А., Коваль О. В. филология департаментінің 1курс студенттері арасында Тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Мақсаты: студенттерді Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен таныстыру, тілге деген ұқыпты қарау, өз ата – бабаларына, халқына, мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеу, шешендік өнерді дамыту, студенттердің таланттарын ашу.

«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының 4 курс студенті Ихсан Данияр Маратұлын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен ұйымдастырылған дербес шәкіртақылар тағайындау конкурсының жеңімпазы атануымен құттықтаймыз.

Жеңімпаздарды марапаттау Салтанаты 2019 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді.

Даниярға өз армандарына батыл қадам басып, болашақта үлкен жеңістерге жетуді, биік белестерді бағындыруды тілейміз!

2019 жаңа жылдың 12 қыркүйегінде Француз-мәдени орталығында оқу жылының басталуына арналған мереке өтті. Іс-шараға: француз тілінде сөйлейтін «Тобол» клубының қақбашысының жұбайы Лу Кассай, «Тобол» футбол клубының шабуылшысының жұбайы Фатим Сенин, ҚМПУ, ЧелГу студенттері мен оқытушылары, мектеп оқушылары мен тілдік курстың студенттері қатысты. Мерекенің мақсаты – орталықпен танысу және жаңа оқу жылына арналған жоспарларды талқылау болатын. 

13 қыркүйек күні 2019 жылы Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ-інің ақпараттық-кітапхана орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген, қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулықтарының «Жаңа гуманитарлық білім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Әлемдік танымдық оқулықтар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге «Рухани жаңғыру» жобасы орталығының жетекшісі Балтабаева Г. З., педагогика кафедрасының меңгерушісі Утегенова Б. М., психоло-педагогика факультетінің оқытушылары; Тойымбетова Д.С., Абдиркенова А.К., Қалиев Д.Д., Бисембаева А.К., сонымен қатар филология факультеттерінің оқытушылары Мырзагалиева К.М., Искакова Ш.Қ, және әлеуметтік-гуманитарлық факцультетінің оқытушылары Исенов Ө.И., Бектурганов Қ. қатысты.

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы қоғаммен және жастармен «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында диалог алаңы форматында кездесу өткізді. Кездесуде жаңғырудың табыстылығының маңызды алғышарты болуы мүмкін ғылыми зерттеулерге баса назар аударылды.

2019 жылдың 12 қыркүйегінде күн тәртібіндегі осы тақырып бойынша З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ Қамқоршылық Кеңесінің қолдауымен белгіленген ағымдағы тақырып бойынша дөңелек үстел өткізіліп, онда Президент Қ-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын іс жүзінде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқыланды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Ө. Сұлтанғазиин атындағы ҚМПУ ректорының кеңесшісі Р.Ш. Бектұрғанова мен ҚХА кафедрасының профессоры В.Г.Вишниченко қатысып белсенділік танытты.

2019 жылдың 10 қыркүйегінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латыннегізді қазақ әліпбиінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Іс-шараға барлығы 106 студент тартылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар