Факультеттің білім беру бағдарламаларын танымал етудің негізгі бағыттарының бірі талапкерлермен байланыс болып табылады. Факультетте талапкерлерге ашық есік күнін өткізумен қатар Қостанай облысының аудандарына барып жарыстарды өткізуге дейін тартудың әртүрлі нысандарын пайдаланады. Алайда, биылғы жылы аудандардың бірінің өкілдері өз тәрбиеленушілерін университет пен факультет бойынша экскурсияға өз бетімен алып келуге тілек білдірді. Бұл іс-шараның бастамашысы Жангелдин аудандық БЖСМ жаттықтырушысы Нұғыманов Ақшығанақ болды.

2019 жылы 27 желтоқсанда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурсқа республиканың 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысты. Биылғы жылы оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың жаңартылған сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Байқау нәтижесінде біздің университеттің екі оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды – биология ғылымдарының докторы, профессор Брагина Татьяна Михайловна және тарих ғылымдарының кандидаты Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевич.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті 2019 жылы өзінің 80 жылдық мерейтойын айтарлықтай орасан көп оқиға және көптеген жұмыстармен атап өтті. Университетімізге ҰҒА академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы профессор Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің есімі берілді.

Әлеуметтік серіктестік барысында 2019 жылы 23 желтоқсанда ақпараттық-кітапхана орталығының оқу залында АКО директоры Безаубекова С.С., кітапханашы Альмухамбетова Н.Н. Қостанай гуманитарлық колледжінің "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығының 1 курс студенттеріне "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" атты кітаптар көрмесіне шолу өткізді.

Тәуелсіздік тәу етер қасиетті киеміз. Бабалардан қалған ақ жолтай аманат. 28 жыл бұрын біз өз жолымызды таңдадық. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Н.Ә. Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді. 13 желтоқсан күні университет акт залында «Тәуелсіздік күні» меркесіне арналған салтанатты кеш өтті. Еліміздің ән ұранымен бастау алған кештің алғашқы құттықтау сөзі ҚМПУ ректор міндетін атқарушы Мусабекова Гүлвира Айдарханқызына берілді. Әрі қарай білім жолында ерен еңбек еткен ұстаздар мен университет қызметкерлері, университеттің дамуына үлес қосқан қаламыздағы білім ордаларының басшылары марапатталды.

2019 жылы 12 желтоқсанда Қостанай Жастар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жерлестерін құттықтады. Атаулы күнге орай марапатталғандардың арасында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ольга Михайловна Чернявская да болды.

2019 жылы 12 желтоқсанда "Саяхат" өлкетану клубының мүшелері К. Брюханова, Н. Мельниктің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.І с-шарада студенттер Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы туралы айтып, «Біздің қаладағы көшелер тарихы» тақырыбында бейнеролик түрінде шығармашылық жобалар ұсынды.Содан кейін Қазақстан және Қостанай қаласы туралы сұрақтарымен интеллектуалдық викторина ұсынылды, белсенді студенттер құрмет грамоталарымен марапатталды, I орын – 1 курс студенті, География Федотов Александр, II орын – 3 курс студенті, География Хужина Екатерина, III орын – 3 курс студенті, География Омарова Ақмарал иеленді.

2019 жылы 12 желтоқсанда филология департаментінің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламалары ҚР Тәуелсіздік күніне және Жастарды қолдау жылына орай департамент студенттерімен арнайы кездесу өткізді. Филология департаментінің басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Сейсембай Т.Т., Кинжибаева А.С. студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, төмендегі номинациялар бойынша студенттерді алғыс хат, мақтау қағазымен марапаттап, сертификаттар табыстады.

2019 жылдың 11 желтоқсанында психологиялық-педагогикалық факультеті педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Ажмолдаева Малика және Кубекова Гульназмен бірге Қостанай телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында тікелей эфирге шықты.Тікелей эфир барысында еріктілер «Қарлығаш – балалардың әлеуметтену және бейімделу мектебі» әлеуметтік жобасы аясындағы жұмыстары туралы әңгімелеп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

2019 жылдың 11 желтоқсанында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның қонақтары мен сөз сөйлеушілері: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысыбойынша ПҚ БАИ»  мектепке дейінгі, бастауышоқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасыныңаға оқытушысы, Ионова Светлана Петровна және Қорған облысы, Шадринск қаласы,Шадринск мемлекеттік педагогикалық институты, мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидатыКаратаева Наталья Александровна сияқты тәжірибелі педагогтар болды. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар