2020 жылдың 31 қаңтарында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Білім беру сапасын жетілдірудегі педагогикалық жоғары оқу орны мен мектептің интеграциясының мәселелері мен жаңа бағдарлары» атты дәстүрлі Алтынсарин оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараны өткізудің бастамашысы және ұйымдастырушысы – ҚМПУ психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, Қостанай қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы.

2020 жылдың 30 қаңтарында Федоров ауылындағы "Жастар" мәдениет үйінің базасында "Кәсіптер әлемі" кәсіби бағдар беру форумы өтті. Форумға облыстың оқу орындарының өкілдері, аудан мектептерінің директорлары, Федоров ауданының 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Мәжіліс залына 14 орта мектептен 450-ден астам адамы жиналды. Салтанатты іс-шаралар алдында жоғары оқу орындары өкілдерінің Федоров ауданының әкімімен кәсіби бағдар беру жұмысының жағдайы туралы сөйлесуге мүмкіндігі болды. Федоров ауданының әкімі Тауба Қайыржанұлы Исабаев қатысушылардың алдында құттықтау сөзімен сөйледі, ол соңғы жылдары түлектердің көбісі қазақстандық жоғары оқу орындарын, атап айтқанда өңірлік және облыстық ЖОО-дарын таңдайтынын атап өтті. Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің студенттері мен оқытушылары біздің ЖОО-ның бакалавриат және магистратураның барлық білім беру бағдарламаларын сипаттады.

Ақпараттық кітапхана орталығында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды.Қазақ даласының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың еліміздің рухани мұрасына қосқан үлесі шексіз, оның шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерде кеңінен танымал.Абай бізге бүгінде өзекті бай мұра қалдырды. Оған әр-түрлі жанрлар, философиялық, моралистикалық лирика, сатирика мазмұнындағы өлеңдер, махаббат жолдаулары, поэмалар, «Қара сөздер» кіреді.

Кадрларды дайындау жүйесі мен еңбек нарығы талаптарының өзара әрекеттесу өзектілігін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов 2020 жылдың қаңтарында тағы бір рет атап өтті. Қазіргі уақытта кадрларды даярлау үрдісіне жұмыс берушілер белсенді қатысуда, кәсіби стандарттардың жаңа буыны қалыптасуда, дуальды оқыту элементтері, инновациялық білім беру технологиялары ендірілуде.

2020 жылдың 24 қаңтарында сағат 12:00-де Жаратылыстану-математика факультетінде талапкерлердің кәсіби бағдары аясында "Жаратылыстану-математика факультетінің ашық есік күні" өтті. 
Іс-шараға қаланың (Қостанай қ., Рудный қ., Тобыл қ.) және аудандық мектептердің бітіруші сынып оқушылары қатысты. 100-ге жуық талапкерлер қатысты.Бағдарламаға сәйкес, бітірушілер алдында жаратылыстану-математика факультетінің белсенді студенттері сөз сөйлеп, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттік өмірінде, ғылымда, спортта өздерін көрсете білу, шет тілдерін меңгеру және т. б. мүмкіндіктері туралы айтты.

2020 жылдың 22 қаңтарында Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында көптілділік орталығының меңгерушісі Абишеваның қатысуымен «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесі» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинардың мақсаты: барлық мүдделі тараптармен жаратылыстану ғылымдары кафедрасының арнайы пәндерін ағылшын тілінде оқытудың 8 жылдық тәжірибесін талқылау.

Филология департаменті студенттер рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының бірін жүзеге асыру мақсатында қала мектептерінің оқушылары үшін 2020 жылдың 22 қаңтарында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл шара университетпен танысу үшін ғана емес, сонымен қатар оқушыларға болашақ жолды анықтауда дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік берді.Іс-шараға Қостанай қаласының (№ 8, № 7, № 23, № 18, № 16, № 2, № 3, № 5, № 17, № 115) мектептерінен 80-нен астам оқушы қатысты.Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін маңызды әрі пайдалы болды. Филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Нұрмұхаметова "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сілтеме жасай отырып, мұғалім мамандығының беделін, сондай-ақ қазіргі әлемдегі трендтердің бірі ретінде тілдерді білудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

2020 жылдың 22 қаңтарында психология және педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы А.А.Агеева «Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тобыл қаласы мектеп-гиназиясы» мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.Мектеп-гимназияда 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін акт залында жиналыс ұйымдастырылды.Жиналған ата-аналар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Оқытушы Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ туралы жан-жақты ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары, университетте оқудың артықшылықтары туралы, сонымен қатар, ҚР жаңа «Педагог мәртебесі туралы» Заңының негізгі ережелерімен таныстырып өтті.

В период с 13 по 18 января 2020 года в КГПУ им. У.Султангазина прошла ежегодная Спартакиада среди преподавателей и сотрудников КГПУ, посвященная 175-летию А.Кунанбаева. Спартакиада прошла по 9 видам спорта: шашки, шахматы, тоғыз құмалақ, асық ату, дартс, настольный теннис, волейбол, мини-футбол и лыжные гонки. Основная цель Спартакиады - пропаганда здорового образа жизни, комплектования сборной команды КГПУ, выявление сильнейших спортсменов для участия в региональных соревнованиях. Преподаватели и сотрудники приняли активное участие во всех соревнованиях. Лыжные гонки прошли на нашей оздоровительной базе в сосновом бору.

2020 жылы 15 қаңтар айында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология Департаментінің  көптілділік орталығында ағылшын тілінде сабақ жүргізетін мұғалімдерге «Басқа тәсілмен оқыту: оқытуда шығармашылық ойлау барысында тіл дағдыларын дамыту» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік - класс жетекшісі, көптілділік  орталығының маманы, Департамент филологиясының  ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы Кускадамова К.С.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар