2019 жылдың 31 мамырында біздің университетіміздің жас оқытушыларының қорытынды сайысы өтті. Тренингтік жобаны ректордың кеңесшісі Римма Шыңғысқызы Бектұрғанова бастады. ҚМПУ ректорының мақұлдауымен жоба Ардагерлер кеңесі тарапынан қолдау тапты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіқалықова Қ.А. және жобаның кураторы Важева Н.В. ұйымдастырушылар ретінде жобаға белсене қатысты. Байқаудың финалында  - 5 оқытушы. Оларға қолдау көрсету үшін жетекшілері, оқытушылар, студенттер келді. Ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректор, ф.-м.ғ.д. Н.А. Медетов қатысушыларға құттықтау сөз айтып өтті.

30 мамырда co – working «Boom Space» орталығында студенттік Students Talks атты бейресми конференциясы өтті. Конференция «Рухани жаңғыру» атты бағдарлама аясында өткізілді. ЖОО-дар арасындағы конференция Students Talks – бұл диалогтік орта студенттік сектордың өкілдеріне арналған, онда әрбір спикер өзінің тәжірибесі мен идеяларымен бөлісті. Әр спикердің шығысында өзекті әрі қызықты мәселелер қозғалды, өмірдің түрлі аспектілеріне қатысты. 

Қостанай мемелекеттік педагогикалық университеті базасының оқу шеберхансында 2019 жылғы 13 – 24 мамыр аралығында оқытушылар мен студенттерге арналған «Тігін бұйымдарын жобалау және жасау» бойынша біліктілігін арттыру курсы болып өтті. Біліктілікті арттыру курсы 45 сағат көлемінде практикалық негізде өтілді. Курсты информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика білімдерінің магистрі Д.К. Абдимоминова өткізді.

2019 жылы 23 мамырда, оқу жылының соңында медиация және халықтық дипломатия мектебінде медиация мектебінің басшылары өз тыңдаушыларына қорытынды сабақ өткізіп, медиация курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді. Сабақ үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде түлектерге тесттің 20 сұрағына жауап беру ұсынылды. Екінші кезеңде студенттер шағын топтарда психологиялық-педагогикалық міндеттерді қарастырып, ұсынылған даулы жағдайды шешу жолдарын ұсынды.

2019 жылдың 17 мамырында университеттің 80 жылдық мерейтойы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетініне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілуіне арналған физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы ескерткішінің салтанатты ашылуы болды. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне ұлы ғалымның туыстары, облыс басшылығы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, конференция қонақтары қатысты. 

2019 жылы 17-18 мамырда Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚМПУ-дың 80 жылдығына және университетке физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Сұлтанғазин оқулары» бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы болып өтті. Конференцияның мәселелер алаңы келесі бағыттарды қамтыды: Білім беру жүйесін дамытудағы өзекті мәселелер.

2019 жылы 15 мамырда Қостанай облысының мемлекеттік архивінде өткен Тың игерудің 65 жылдығына арналған кездесу-таныстырылымның қатысушылары «тың жерлерді игеру дәуірлік оқиға болды және Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібін дамытуда маңызды рөл атқарды» деген қорытындыға келді. Қонақтар назарына «Армысың, тың алқабы!» фотоқұжаттық көрме ұсынылды, «Тың – менің бақытым!» қасқаметражды фильм көрсетілді, алғашқы тың игерушілер Л. Ф. Лемпер мен Г. Ф. Николаенко мен Қостанай қаласының қоғам қайраткерлері мен ғалымдары сөз сөйледі.

«Current trends in the assessment of global and local changes of natural ecosystems and the teaching of biological and geographical cycle disciplines» біліктілікті арттыру курсының практикалық кезеңі аясында шетелдік серіктестердің қатысуымен 2019 жылғы 14 мамырда жұмыс сапары далалық аймақта (Қостанай ауданында) жүргізілді. Сапарға қатысушылар – Лейбниц университеті топырақтану институтының директоры, Германияның топырақтану қоғамдастығының президенті, профессор, доктор Георг Гуггенбергер; PhD, аға ғылыми қызметкері Шибистова Ольга Борисовна (Лейбниц университетінің топырақтану институты (Ганновер, Германия), ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы ҒЗО-ның басшысы, профессор, биология ғылымдарының докторы Брагина Татьяна Михайловна,  биология магистрі Бобренко Марина Александровна, «Биология» және «География» мамандығының 2-3 курс студенттері.

2019 жылы 14 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚМПУ ӨЭБ ҒЗО /REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасын орындаудың аралық қорытындысы бойынша халықаралық семинар «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар», ҚМПУ ЭБМ ҒЗО кіші жобасы/ReKKS «Топырақ омыртқасыздары (мезофауна) қоғамдастығына жер пайдаланудың әсерін және климаттың өзгеруін бағалау».

2019ж. 14 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне ресми сапармен Топырақтану институтының директоры, Лейбниц университеті (Ганновер, Германия), Германия топырақтанушылар қоғамының президенті профессор, доктор Георг Гуггенбергер, PhD, «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» (ReKKS) халықаралық жобасының үйлестірушісі және Шибистова Ольга Борисовна (Лейбницкий университетінің Топырақтану институты (Ганновер, Германия) келді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар