2011ж 26 қарашада өнер мен тарихы факультеті 20- жыл мерекесіне Тәуелсіздік Қазақстан Республикаға жарыс стенгазетке «Тәуелсіздік біздің бейнесі» туралы өнер кафедрасы өткізді, өнер кафедрасының ұйымдастырушылар, өнер мен тарихы факультетің жетекші кеңестер. ФӨТ студент ФФКС мен С осы жарыста студенттер мен қатысушылар барлық мамандағықтар қатысты.

Қарашаның 23 жұлдызында зияткерлiк жарысөтті. Бұл сайыстың «Орыс тілінде орысша сөйлесейік» деген атпенаталды.Атынан көрініп тұрғандай сайыс орыс тілін уйренуге арналған іс-шара болды.Бұл сайысқа Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық институтының 1 курс студенттері қатысты.Қатысушылар жұмбақ, жаңылпаштар айтып көрермендерді жақсы жауаптарымен қуанта білді.

Менімен келісетіндеріңізге сенімдімін, пікірсайыс дегеніміз кәзіргі жастардың сәніне айналған сайыстардың бірі. Осыған орай, Қазакстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай 18-20 қараша аралығында Астананың Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің халықаралық пікір сайыстың ашылуы өтті.

Орыс халқының көреген данышпаны Михаил Васильевич Ломоносовтың үш жүз жылдығын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасы кітап көрмесімен атап өтті. Оқырман қауымының назарына 19 қараша күні Ломоносовтың тіл біліміне, риторик, физика, химия, минералогия, математика, астрономия, мозаика өнеріне арналған ғылыми еңбектері, сонымен қатар, М.В.Ломоносовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған әдебиеттер ұсынылды.

Қарашаның 14-і күні Студенттер үйінде тарихи-таңымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің валютасы жайлы ақпарат берді. Тарих және өнер факультетінің Қазақстан тарихының оқытушыларымен өткізілген бұл шара ойын-викторина түрінде өтті. Сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендер 10 теңге көлемінде ақшалай мадақтауға ие болды. Айтары бір жай, бұл шара Республика тәуелсіздігінің 20 жылға толу тойына ұштасқан.

Қазанның 31 жұлдызында «Студенттер үйі» қабырғасында суицидтің алдын алу мақсатында іс-шара өткізілді. Суицид дегеніміз - адамның өз-өзіне қол жұмсауы. Қазіргі таңда бұл дерт 15 пен 24 жас аралығындағы жастар арасында белең алып отыр. Іс-шара мақсаты- қоғамымыздың басты дерттерінің бірі болып отырған суицидтің алдын-алу жолдарын қарастыру және студенттерге кеңінен таныстыру. Ұйымдастырушысы - тарих және өнер факультеті, «Құқықтану және экономика негіздері» кафедрасы. Тарих ғылымдарының докторы, доцент Ярочкина Е.Т қатысушыларға презентация көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі себептерін атап өтті. Жастар осы тақырып аясында сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Сөз соңында мынадай қорытынды жасалды: Біздің өміріміз – ең құнды байлық.

2011 жылдың 31 қазанында филология факультеті мен студенттер Альянсі ұйымдастырған, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. Бұл іс-шараға филология факультетінің 1 курс студенттері Ақтас Әйгерім, Тынымбаева Жанна, Сарманова Александра және Гаврик Евгения қатысып, қазақ еліне арнаған жүрекжарды жырларын тарту етті. Іс-шара мақсаты - жас ұрпақтың бойына патриоттық сана-сезімді қалыптастыру, ақынық өнерін шыңдау. Мүшәйра соңында филология факультетінің декан орынбасары Шошақова Ж.Қ. қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық шабыт тіледі.Қалалық жыр сайысына қатысуға үміткерлер осы жылдың 5 қазанына дейін өз шығармашылықтарын тапсыра алады

Қазанның жиырма жетісі күні тарих және өнер факультетінде студенттер арасындағы маскүнемдікті алдын алу мақсатымен кураторлық сағат өткізілді. Куратормен бірлесіп студенттер өте жақсы іс-шара дайындаған. Олар ішімдіктің денсаулығына зияны туралы әңгімеледі, сонымен қатар олар қызықты тренинг өткізді. Әрбір топ ішімдікті пайдалану жайлы арнайы плакаттар әзірлеген. Соңында жастар өздері үшін қорытынды жасады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар