Наурыз – күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке күні. Бауырмалдық, тазалық, қамқорлық, теңдік, елдік тоғысқан торқалы той осы күні өткізіледі. Наурыз – қазақтың ғана емес ғаламға ортақ жаңғыру мерекесі. Міне осы мереке қарсаңында, Қостанай мемлекеттік педагогика институтында екі күнге созылған Наурыз тойланды. Жылдан-жылға институт ректоры Қуат Баймырзаевтың тарапынан баса назар аударылып, мерекенің ауқымы да, мән-маңызы да артып келеді.

Наурыздың 12 мен 17 аралығында өнер кафедрасы әдістемелік апталығы өткізілді. 12.03 сағат 09:30 «Sibelius» ноталық басылым бағдарламасын пайдаланып, «Хоровая аранжировка» пәнінен (жауапты аға оқытушы Саятулекова Л.С.) интерактивті тақтамен ашық сабақ өткізілді.13.03 сағат 14:30 музыка пәні және қосымша педагогикалық білім мұғалімдерімен «музыкалық-компьютерлік технологияны пайдалану» (жауаптылар кафедра меңгерушісі Сапиева М.С., оқытушы Тұрлыбаева Д.К.) атты дөңгелек стол өткізілді. 14.03 сағат 11:30 мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» пәнінен (жауапты аға оқытушы Нарумова М.В.) ашық сабақ өткізілді.

2012 жылдың 1 – 12 наурыз аралығында Петропавловск қаласында Қазақстан Республикасы студенттері арасында IV-ші қысқы Универсиада болып өтті. Оған еліміздің түпкір-тіпкірінен 27 жоғарғы оқу орындарынан студент жастар қатысты. Универсиада спорттың 15 түрін қамтыды.

2012 жылдың 29 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттiк педагогикалық институтының базасында факультеттер мен институтының жастар ұйымдар арасында спорттықсайыстар өтті. Жарыстың төрт күні әртүрлi спорт түріне арналған болатын.

Психология және педагогикалық факультетінде «мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының» ұстаздары С.И. Круглов, О.В. Казакова және «психология кафедрасының» ұстазы Н.А. Гавришевалардың атсалысуымен «Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Айтылған іс-шараға 1-3 курст студенттері тартылды.

22 ақпан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Жас Отан» атты студенттік ұйымының бастамасымен Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Путешествие 2: Таинственный остров» атты фильмді қарауды өткізді. «Қазақстан» кинотеатрының әкімшілігі осы балалар үшін орындарды бөлді. Кинотеатр қабырғаларында жиі бара алмайтын балалар үшін бұл кеш үлкен бақыт болды десек артық болмас. Ал Жас Отан ұжымының жастары үшін олардың көздеріндегі ұшқындарды көру – ең басты алғыс.

2012 жылдың ақпан айының 22 – ші жұлдызында ҚМПИ қабырғасында филология факультетінде студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Конференция 3 бөлімнен тұрды, яғни ашылу салтанаты, әрбір топтардың секциялары және марапаттау (жабылу) рәсімінен. Ашылу кезінде: ҚМПИ проректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы, БТА банк атынан Мади Дауітқазыұлы, филология факультетінің деканы Жаркова Валентина Ивановна, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының окытушысы, кандидат Иісова Эльмира Әділханқызы, ағылшын кафедрасының оқытушысы доцент Кудрицкая Марина Ивановна, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының роман-герман тілдер тобының окытушысы,кандидат Пчелкина Татьяна Ростиславовна және ҚМПИ профессоры Оспанова Айша Султановна ақ тілектерін, пейілдерін, құттықтау сөздерін арнады. Жобаға мектеп, лицей оқушылары да белсене ат салысты. Ашылу салтанаты аяқталған соң әрбір қатысушылар, тыңдаушылар өздері калаған секция бойынша аудиториялдарға бөлінді.

Ақпан айының 10-18 күндер аралығында Қостанай қаласында студенттiк кәсiподақ ұйымдар арасында спорт жарыстарының облыстық турнирі өттi. Волейбол мен баскетбол бойынша ҚМПИқыздар құрама командалары 1 орынға ие болды. Мини-футбол бойынша 2 орын болса, шахмат сайысында 1 мен 2 орындар иелендік. Оған қоса біздің студенттер тоғызқұмалақтан 2 орын алып, жалпыкомандалық 2 орынға ие болды. Бiздiң спортшылар биік белестерге жете беруге тілектеспіз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

1 Қасиетті Валентин күніне арналған 15 ақпан күні ағылшын факультетінің ұйымдастыруымен «Давай замутим» атты көңіл көтерерлік кеш өтті.Сіз шалыс естіген жоқсыз,иә, «Давай поженимся» емес «Давай замутим».

Ғашықтар күнін өнер кафедрасының студентері ерекше атап өтпекші. Бұл күнде «Сызу және бейнелеу өнері» мамандығының студентері арасында қабырға газеті және оны түрлендіріп әшекейлеу сайысы өткізіледі. Ерекше жұмыстар сыйлықпен марапатталады. Көрме үшінші қабатта орналасқан.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар