Республикалық СҒЗЖ байқауының ІІ кезенінде жүлделі орындарға ие болған студенттерімізді құттықтаймыз: 1 орын – Торыбаев Жанболат, 5В011300 – «Биология» ББ 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі – Брагина Татьяна Михайловна, биология ғылымдарының докторы (б.ғ.д.), профессор. 2 орын – Есеналина Айгерим, 5В011600 – «География» ББ 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі – Баубекова Гаухар Коныспаевна, педагогикалық білім магистрі, жаратылыстану ғалымдары кафедрасы меңгерушісінің м.а. 3 орын – Сәбит Зере, 5В011100 – «Информатика» ББ 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі – Айтбенова Аян Алтаевна, педагогикалық білім магистрі, аға оқытушы. 3 орын – Сатаганова Камилла, 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» ББ 4 курс студенті.

Құрметті талапкер! Егер сен еліміздің ең үздік жоғары оқу орнында оқимын деген шешім қабылдасаң, сондай-ақ, егер сен әлі таңдауыңды жасамасаң, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне түсуге кеңес береміз. Кез келген ЖОО – да ең бастысы-ол беретін білімнің сапасы мен өзектілігі. Оның 80 жылдық тарихы бар ҚМПУ мақтан тұтатын нәрсе бар! Университет студенттері бүгінгі оқушыларды, ал ертең – студенттердің Ашық есік күндерін онлайн-режимде өткізу кезінде осындай сөздермен қарсы алды.

2020 жылдың  1 мамырында, Қазақстан халқының Бірлігі күні, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация Кеңесі «Біздің қүшіміз ынтымақ пен бірлікте» атты Виртуалды қабылдау өткізді. Кездесу кәсіби медиаторлардан тегін заң кеңесін алуға, даулы жағдайды реттеуге, Қостанай облысының тұрғындары арасында медиация институтының қағидаттарын таратуға бағытталған.

Құрметті достар! Кез-келген мереке бір-бірін еске түсіру және бір-біріне бақыт тілеу үшін жақсы мүмкіндік. Сондықтан біздің еліміздің бірлігі - осындай мүмкіндіктің біріне айналсын. Қайырымдылық, жақсылық, махаббат және мейірім сіздің жүрегіңіз бен шаңырағыңыздың тірегі болсын!

Әрбір отбасына зор денсаулық, игілік, асқақ арман, шығармашылық белес және бейбітшілік тілеймін, өйткені әр адамның бақыты – еліміздің ұлы болашағының бір бөлігі!

Президент Қ.К.Тоқаевтың және ҚР БҒМ министрі А.Қ.Аймағамбетовтың пандемия жағдайындағы білім-ғылымдағы онлайн және қашықтан оқыту әдістері мен инновациялық бағыттарын жастар арасында дәріптеу мен зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға бағытында  Қызылорда қаласы «Болашақ» университетінде 2020 жылдың 29-30 сәуірінде Қазақстан Республикасының Жас педагог-ғалымдарының ІІІ Республикалық Слеті болып өтті. Іс-шараға Қазақстанның жас педагог-ғалымдары Қауымдастығының белсенділері, 

Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін мазмұнды және пайдалы болды. Талапкерлер онлайн режимінде филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Т.Т.Сейсембай, К.С.Бірімжанова, А.С.Кинжибаевамен кездесті. Қ.Т.Нұрмұхаметова «Мұғалім мамандығын бағалау өте қиын, өйткені бұл әлемдегі ең құрметті және қажетті мамандықтардың бірі», - дей келе, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін, ел болашағы болып табылатын жас ұрпақты жетілдірудегі педагог маманның  жауапкершілігі зор екендігін атап өтті.

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті СҒЗЖ 2019-2020 жыл сайынғы Республикалық байқауының ІІ кезеңінің 5В011600 – География және 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу бағыттары бойынша базалық жоғары оқу орны ретінде байқау қорытындысын жариялайды. Жыл сайынғы Республикалық СҒЗЖ байқауының II кезеңінің жеңімпаздары: Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломы Нұртаза А.Н. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломдары Есеналина А.А. Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті. 

«Sanaly Urpaq - 2050» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында буктрейлер форматында «100 жаңа оқулық» атты облыстық байқау өткізді. Буктрейлер – бұл кітаптың мазмұнын визуалдай отырып, ең жарқын және танылатын сәттерін қамтитын шағын бейнеролик. Осындай роликтердің мақсаты - кітап оқуды насихаттау, «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында аударылған кітаптарды кеңінен насихаттау. Бұл тапсырманы жақсы орындап, 2-орынды иемденіп, ақшалай ынталандыруға ие болған Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Жантас Ораз болды. sanaly_urpaq2050  инстаграмм парақшасында облыстық байқаудың қорытындысымен танысуға болады.

2020 жылдың 20-24 сәуірі аралығында Психология және дефектология кафедрасының апталығы аясында «Педагогика және психология», «Психология», «Дефектология» мамандықтарының студенттері арасында аға оқытушылар З. Д. Ахметбекова мен Б. К. Каированың жетекшілігімен ««Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында қазіргі жастардың құндылықтар жүйесіндегі патриотизм!» тақырыбымен роликтердің онлайн байқауы өткізілді.  Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері жастардың шығармашылық қабілеттерін қолдау және дамыту; кәсіби өзін-өзі тануды ынталандыру, ой-өрісін кеңейту және практикалық қызмет арқылы патриотизмді қалыптастыру; ішкі рухани даму және жастардың белсенді шығармашылық, өмірлік және азаматтық ұстанымын іске асыру үшін қолайлы орта құру; «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын іске асыру жағдайында жаңа құндылықтық бағдарларды қалыптастыру болып табылады.

ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара тығыз қарым-қатынасы кезінде талқыланған мәселе - болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту. Кездесу онлайн-дөңгелек үстел түрінде психология және дефектология кафедрасында әдістемелік аптасы аясында өткізіліп, аталмыш мәселе белсенді диалог формасында қызу  талқыланды. Онлайн-дөңгелек үстелдің тақырыбы - "ЖОО-ның қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық бағыттағы түлегінің моделін қалыптастырудағы өзекті мәселелер".

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар