Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мұрағаттың рөлі

2018 жылы 2 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Қостанай облысының архивімен бірлесе отырып «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мұрағаттың рөлі» ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.

Іс-шара алдында «ҚОМА» ММ құжаттарының тақырыптық экспозизияларымен «Мұрағатшы болу – мақтанышымыз!» фотоқұжаттар көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.

Іс-шараның модераторы Еркін Аманжолұлы Әбіл.

Конференцияда келесі тақырыптар қозғалды: «Қостанай қалалық мемлекеттік архивінің материалдары бойынша 1936-1939 жж. Қостанай облысы тұрғындарының рухани өмірінің жағдайы», «Қостанай қалалық мемлекеттік архивінің құжаттары бойынша Қостанай нақты ғылымдар мектебі тарихынан», «Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянына қатысты тарихи деректер» және т.б.

Конференция қатысушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды, сонымен қатар тақырыптарды талқылау барысында белсенділік танытты.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мұрағаттың рөлі