«Startup «Bolashak» - 2020»

 Қазақстанның мемлекеттік саясатының бағыттарының бірі - кәсіпкерлік, мемлекет, білім және қоғам арасындағы тұрақты байланысы бар кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін барлық жағдайларды жасауда. Біздің елде жастар кәсіпкерлігіне мемлекеттік қолдау көрсетіледі: бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, салықтық қолдау, бизнес-инкубаторлар мен стартаптар үдеткіштері, үздік идеяларды анықтау және насихаттау үшін түрлі конкурстар және т.б.

У.Султанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттік кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыс жасалып жатыр.

2012 жылдан бастап біздің университетте стартап-жобалардың студенттік байқауын өткізу дәстүрге айналды. Бір қызығы, жобалардың саны мен сапасы жыл сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылы конкурсқа қатысуға 22 өтініш келіп түскен, биыл 48. Барлық идеялар әр түрлі, олардың ішінде біздің қоғамда үлкен маңызы бар әлеуметтік жобалар бар. Сонымен қатар өмірдің әртүрлі салаларына қатысты инновациялық идеялар бар.

2020 жылдың 6 ақпанында өткен байқаудың финалына 18 жоба қатысты. Келесі жобалар Startup Bolashak 2020 стартап жобасының жүлдегерлері болды:

Әлеуметтік бағыты
1 орын «LitNow»
2 орын «Краски жизни»
3 орын «KidsLaw»

Коммерциялық бағыты
1 орын «Анимация мектебi»
2 орын «Gharyshker»
3 орын «BilimEra»

06 02 2020 2

06 02 2020 4

06 02 2020 5

Фотогалерея: https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2997309880289085

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз