2016 жылы 20 қазан айында ақпараттық-кітапхана орталығында тарих және өнер факультетінің «Тарих» мамандығы бойынша екінші курс студенттеріне арналған «Ақпараттық күн» өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ақпараттық орталығының мүмкіндіктерімен танысты. Электронды оқырман залында оқу мақсатында электронды кітапханамен пайдалану бойынша тренинг-консультация өткізілді.

2016 жылдың 27 қыркүйек айында ақпаратты кітапхана орталығында ақын О. Сүлейменовтың 80 жылдығына арналған «Олжас – ғасыр ақыны» атты оқырман конференциясы өткізілді. Кешті қазақ филология факультетінің 3 курс студенттері Жанжигитов Сырым мен Пернебек Айдана жүргізді. Оқырман конференциясына қазақ және орыс филология факультетінің 1-2-3 курс студенттері қатысты.

Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2016 жылдың қыркүйек, қазан айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз.

2016 жылдың 1 қыркүйектен 3 қыркүйек аралығында ақпараттық кітапхана орталығында бірінші курс студенттері үшін кітапхана ережелері және кітапханадағы ақпараттық мүмкіншіліктерді таныстыру мақсатында презентация көрсетілді. Студенттер ақпараттық кітапхана орталығының пайдалану ережесімен және де виртуалды анықтама қызметімен танысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары