2017 жылы 5-9 желтоқсан айында ақпараттық-кітапхана орталығында көптілдік тобының студенттерімен оқытушыларына арналған «Ақпарат күні» өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар Қазақстан Республикасының Қауымдастығынан алынған, қазақстандық авторлардың ағылшын тіліне аударылған оқулықтармен танысты. Іс-шара қатысушыларын келесі кітаптар қызықтырды: Teaching Methods on Chemistry / Zh.A. Shokybayev (2016), Botany / S.K. Imankulova и др. (2016), Genetics / D.K. Aydarbaeva и др. (2016), Physiology development of pupils / Sh. Balgimbekov и др. (2016), Inclusive education / Movkebayeva, Z.A. (2016), Psychology / Amanova, I.K. (2016).

2017 жылдың 5 қараша айында «Бір ел- бір кітап » акция аясында әмбебап оқу залында біртуар ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына арналған «Шығамын тірі болсам адам болып» атты дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға филология факультеті қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 3-4 курс студенттері және әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Студенттер ақыннның өмірбаяның, шығармашылығын баяндама түрінде жеткізді. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» поэмасымен «Шәкірт ойы», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдері толығымен талқыланды, студенттердің барлығы өз ойларын айтып, өз пікірлерімен бөлісті.

2017 жылы 24 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Денсаулыққа деген құқық» ұранымен Қостанай облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы, Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының қатысуымен әмбебап оқу залында «Зиялы өмірді таңда» атты дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер АИТВ/ЖИТС және нашақорлықтың алдын алу туралы презентациялар көрсетілді, кездесу тақырыбы бойынша сауалнама жүргізілді.

2017 жылдың 21 қараша айында ақпаратты кітапхана орталығында химия ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағалиева Батжан Мұқанқызымен кездесу өткізілді. Кешті АКО оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жақсыбаева Б.К. жүргізді. Кездесуді ұйымдастырудың басты мақсаты – қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Кешке жаратылыстану- математика факультетінің 1- 2 курс студенттері қатысты. ЖМФ 1 курс студенттері Касымова Айтолкын, Исмагулова Айгерим, ұстазға арнап ақын Ж. Нәжімеденовтің «Ұстазға арнау»және «Ұстаз»деген өлеңдерін оқыды.

2017 жылдың 17 қарашасында ақпаратты кітапхана орталығынның оқу залында профессор тарих ғылымдарының кандидаты,әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің деканы Зәмзәгүл Бәйекеқызы Шахаман және доцент Майсара Жаугаштиновна Бекмагамбетовамен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерген мәселелердің мәні мен маңызын айқындауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелге әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 1-4 курс студенттері қатысты.

15 ноября 2017 в информационно-библиотечном центре прошла читательская конференция «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары», посвященная 100-летию партии «Алаш». Мероприятие провели заведущая отделом обслуживания ИБЦ Жаксыбаева Б.К. и студентка 3 курса СГФ Дүйсебек Алтынай. Студенты 3 курса социально-гуманитарного факультета Ибраева А., Шәкімбаева А., Баймағанбетова Ф. выступили с докладами и сообщениями на тему «Алаш қозғалысы және Әлихан Бөкейханов», «Алаш партиясы, Алаш партиясының жетекшілері», «Тағдыр және Қарлаг».

2017 жылы 14 қараша айында ақпараттық кітапхана орталығында «Жаратылыстану ғылымының кафедрасы күні» өтті. Химия,биология, география пәндеріне келіп түскен жаңа басылымдарға көрме ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы, жоғары оқу орындары Ассоциациясынан алынған, қазақстандық авторлардың ағылшын тіліне аударылған: Inorganic Chemistry/S. Nazarbekova (2017 ж.); Methodology of teaching biology/R. Sh. Izbassarova, K. A. Zhumagulova (2016 ж.); Organic chemistry/G. Zh. Seitenova, M. O. Turtubayeva (2016 ж.), оқу басылымдары көптілді топтардағы оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.

2017 жылы 31 қазан айында ақпараттық кітапхана орталығы колледж кітапханаларының басшыларына «Білім беру кітапханаларында оқырман-дарға арналған анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызметтер жүйесі» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Білім беру кітапханаларының анықтамалық-іздестіру аппараттарын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, оқырмандардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру мәселелері қаралды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы пікірлерімен және де жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

2017 жылдың 13 қазан айында ақпаратты кітапхана орталығында  ғалым.  филология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері Серік Қирабаевтың 90 жас мерей тойына арналған «Қазақ әдебиетінің алып тұлғасы» портрет кеші өткізілді.

2017 жылы 27 қыркүйек айында әмбебап оқырман залында Алаш партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеде «Алаш» қозғалысының тарихы, сондай-ақ Алаш қозғалысының көшбасшылары және олардың жастарды патриоттық тәрбиелеудегі рөлі туралы материалдар берілген. Көрменің электронды нұсқасы «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында ұсынылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары