«Әлеуметтік әріптестік кітапхана дамуының заманауи бағыты ретінде» дөңгелек үстелі

2019 жылы 29 қарашада Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық-кітапхана орталығында облыстың ЖОО мен колледждерінің кітапханашыларына арналған "Әлеуметтік серіктестік кітапханаларды дамытудың заманауи бағыты ретінде" атты дөңгелек үстел өтті. Қазіргі жағдайда, әлеуметтік серіктестік тақырыбы – кітапханаларды дамыту қызметінің бір бағыты ретінде, ерекше өзекті. Табысты серіктестік қатынастарды құру кітапханаларға сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық, креативті ойлауды дамыту, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру үшін іс-шара ұйымдастырылды.

Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық-кітапхана орталығының директоры – С. С. Безаубекова құттықтау сөз сөйледі.

 Іс-шарада А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Білім орталығы» ҒК меңгерушісі – Ж. С. Ержанова, Қазақстан Республикасының құрметті мәдениет қайраткері, М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ кітапханасының меңгерушісі – У. М. Рыщанова, "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапхана бастығы – Л. А. Федас, психология ғылымдарының кандидаты, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ психологиялық-педагогикалық факультетінің психология және дефектология кафедрасының профессоры. – Р. А. Назмутдинов баяндамалармен сөз сөйледі. Іс-шарада әлеуметтік серіктестік өркениет феномені ретінде, оқу орны мен кітапхананың білім беру кеңістігіндегі өзара іс-қимылы, ғылыми кітапханалардың халықаралық жобаларда қатысуы, "Тиімді коммуникация құпиялары" тақырыбы талқыланды.

Дөңгелек үстелдің екінші бөлімі практикалық сабақтарға арналды. Аға оқытушы, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ психология және дефектология кафедрасының педагогика және психология магистрі А. Х. Үсембаева коммуникативтік шеберлік сабағын өткізді. Коммуникация-бұл шексіз дамитын сала. Сіз сауатты және кәсіби қарым-қатынаста болған сайын, өмірдің түрлі салаларында үлкен табысқа жетесіз.

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, әлеуметтік серіктестік кітапхана қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады деген қорытынды жасалды. Бұл ынтымақтастық ақпараттық-кітапханалық жұмыстың жаңа формаларының пайда болуына, сондай-ақ кітапхана мен оның қызметкерлерінің жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары «Әлеуметтік әріптестік кітапхана дамуының заманауи бағыты ретінде» дөңгелек үстелі