Әдеби сағат

27 11 2019ibc1

2019 жылдың 27 қараша күні ақпараттық – кітапхана орталығының оқу залында ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты әдеби сағат өтті. Іс-шараға ақын Серікбай Оспанов, Қостанай қаласындағы № 115 орта мектепбінің 7-сынып оқушылары, педагогика–психология факультетінің 2 курс студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылық өміріне талдау жасай отырып, ақынның шығармаларын насихаттау. Фариза Оңғарсынова аса көрнекті ақын, қоғам қайраткері бола білді. Ол өзінің өміршең отты жырларымен халықтың ыстық ықыласына бөленіп, елдің жұмыр жүрегінен мәңгілік орын таба білді. Бүгінгі таңда поэзия патшайымның өлеңдерін күллі қазақ баласы сүйіп оқып, жатқа айтатыны жасырын емес. Себебі, ақынның өлеңдерінде ұлттық рух, мөлдір махаббат, тербеткен сағыныш бар. Ал, композиторлар қауымы болса, оның өлеңдерін сүйіп қана қоймай, ақынның сүбелі сөздеріне небір мағыналы, мазмұнды әндер де шығарып жүр. Ақын Серікбай Оспанов ақын өмірінен естеліктермен бөлісіп «Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді» деді. Кеште педагогика –психология факультеттерінің 1 курс студенттері Карина Ляззат, Усайын Гүлдана және жаратылыстану – математика факультетінің 2 курс студенті Кошбаева Тансұлу ақынның өлеңдерін оқыды. Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Ерасыл Рашидтың орындауында әсем әндер тыңдалды. Іс-шараға ақпаратты-кітапхана орталығының кітапханашылары «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты кітап көрмесін топтастырылды, онда ақынның шығармалары оқырман қауымға ұсынылды.

Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да, ары да таза,  ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз