Еске алу кеші

2019 жылдың 6 қараша күні ақпараттық кітапхана орталығында ақын, журналист Байтұрсын Ілиястың 80 жылдық мерей тойына арналған «Қазақтың бір туар азаматы» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға (Байтұрсын Ілиястың келіні) Айсұлу Ілиясова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, филология, педагогика және психология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. «Қазақтың бір туар азаматы» атты көрме ұйымдастырылды.

Байтұрсын ағайдың есімі көпке таныс. Байтұрсын Ілияс кезінде отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосты. Еңбектері еленіп, көптеген марапаттар алды. Ал, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқытушылық қызмет етіп, журналистика факультетінің ашылуына үлес қосқанын ерекше айта кетуге болады. Қаншама жас осы ұяда білім алып, журналист атанды. Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың ізімен ғылыми-танымдық экспедицияны басқарды. Ғылыми сапарларының нәтижесінде "Алтын бесік" кітабы А.Байтұрсыновтың 125 жылдығына орай 1998 жылы жарық көрді.

Аманжол Күзембайұлы Байтұрсын Ілияспен бірге жүрген сәттерін тебірене еске алып, оның бойындағы ерекше қасиеттерін,ерекше еңбекқорлығын, ізденімпаздығын, адамгершілігін атап өтті. Ақынның баладай кең көңілі, аңқылдаған аппақ жүрегі оны көп ішінен дараланып тұратынын және журналистік қызметіне шын берілген жан екенін көрсетеді. Осы кештің қонағы қасиетті қарашаңырақта атасының артында қалған мұрасын көзінің қарашығындай сақтап отырған келіні Айсұлу Ілиясова, Байтұрсын ағайдың өмір бойы қарапайым жан болып өткені жайлы тағылымды естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында Сұлтангазин атындағы ҚМПУ–нің ақпараттық-кітапхана орталығына Ілияс ұрпағынан бір белгі ретінде «Біз білетін Бәкең» атты кітапты сыйға тартты. Ата алдындағы міндетін парызым деп білген осындай келінге Аманжол Күзембайұлы ризашылығын білдірді. Кеш барысында   филология, педагогика және психология факультеттерінің бірінші курс студенттері Байтұрсын Ілияс шығармашылығымен көрермендерді таныстырды.

6 11 19 ibc baytursin 2

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз