Ибатулин Асхат Шарифұлының еске алу кеші

2019 жылдың 21 қазан күні Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК ақпараттық-әдеби бөлімінде педагогика ғылымдарының кандидаты, білім берудің құрметті қызметкері, педагогикалық еңбек ардагері, кәсіподақ белсендісі, жарқын және шығармашыл тұлға, туған көшбасшы, ұйымдастырушы, жауапты адам Ибатулин Асхат Шарифұлына арналған еске алу кеші өтті. А. Ш. Ибатулиннің өмірі мен қызметі туралы "Ибатулин А. Ш. Линия жизни" кітабының тұсаукесері өтті. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті мұндай жинақты дайындау бастамасымен сөз сөйледі.

Жинақтың құрастырушылары: педагогика ғылымының докторы, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ректор кеңесшісі Р. Ш. Бектұрғанова., педагогика ғылымының кандидаты, "Қостанай облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" ҚБ басшысы Т. Н. Искандирова және де педагог, ақын, педагогикалық академиясының құрметті мүшесі. А. И. Суслова Аскат Шарифович туралы естеліктер кітабын үлкен жауапкершілікпен дайындап шығарды. Еске алу кешін дайындау мен өткізуге туыстары, сыныптастары, курстастары, әріптестері, достары, ардагерлер кеңесі және Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық-кітапхана орталығы белсенді қатысты.

Іс-шара А. Ш. Ибатулиннің ғылыми еңбектерін және ол туралы әдебиеттерді көрмесімен толықтырылып кеш ерекше жарқын көңіл-күй атмосферасында өтті. Еске алу кешінің ұйымдастырушылары Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК қызметкерлеріне іс-шараны өткізуге көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары Ибатулин Асхат Шарифұлының еске алу кеші