«Ғылыми жұмыстың сапасын жақсарту үшін Scopus және Scince Direct жүйелерін пайдалану» атты оқыту семинар

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық кітапхана орталығында, ELSEVIER компаниясының өкілі Ботакөз Сүлейменова «Ғылыми жұмыстың сапасын жақсарту үшін Scopus және Scince Direct жүйелерін пайдалану» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. ҚМПУ профессорлық-оқытушылық құрамы ақпараттық жүйелермен жұмыс жасады, осы жүйелерде: «Құжаттарды, мекемелерді, авторларды қалай іздеу керектігі туралы, адал және ғылыми баспаның принципсіз моделдегі журналдарды қалай ажыратуға болатыны туралы, журналдарды бағалау критерийлерін қалай үйренуге болатыны туралы» т.с.с. басқа да көптеген сұрақтарға тоқталып көптеген мүмкіндіктерімен толығырақ танысты. Ботакөз Жұбанышқызы «Mendeley» бағдарламасын «студенттер мен ғалымдардың өмірін жеңілдететін көптеген пайдалы функциялар бар құрал» ретінде пайдалануға кеңес берді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары «Ғылыми жұмыстың сапасын жақсарту үшін Scopus және Scince Direct жүйелерін пайдалану» атты оқыту семинар