Дөңгелек үстел

13 қыркүйек күні 2019 жылы Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ-інің ақпараттық-кітапхана орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген, қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулықтарының «Жаңа гуманитарлық білім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Әлемдік танымдық оқулықтар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге «Рухани жаңғыру» жобасы орталығының жетекшісі Балтабаева Г. З., педагогика кафедрасының меңгерушісі Утегенова Б. М., психоло-педагогика факультетінің оқытушылары; Тойымбетова Д.С., Абдиркенова А.К., Қалиев Д.Д., Бисембаева А.К., сонымен қатар филология факультеттерінің оқытушылары Мырзагалиева К.М., Искакова Ш.Қ, және әлеуметтік-гуманитарлық факцультетінің оқытушылары Исенов Ө.И., Бектурганов Қ. қатысты.

Гауһар Зкрияновна Балтабаева өз сөзінде жаңғырту үдерісі гуманитарлық біліммен тығыз байланысты екенін және студенттерді саясаттану, әлеуметтану, философия, экономика, антропология, филология, педагогика және т.б. салаларда даярлауға аса көңіл керектігін айтты. Сондықтан 100 оқулықты қазақ тіліне аудару жобасының бірегейлігі және еліміздегі барлық білім беру саласындағы маңызы, яғни қазақстандық жоғары оқу орындарында білім беру деңгейін айтарлықтай арттыратыны, жалпы алғанда білім беруді әлемдік деңгейге көтеретіні туралы айтты. Бибігүл Мазановна «Шунк Дейл Х. «Оқыту теориясы» еңбегіне тоқталып студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдарымен таныстырды.

Университет оқытушылары: «Ориентализм», «Дүние жүзі тарихы 1-2 том», «Қазіргі бизнес-коммуникация», «Стратегиялық менедмент негіздері», «Оқыту теориясы», «Өнер тарихы», «Батыс философиясының жаңа тарихы 3-4 том», «Тіл тарихы», «Халықаралық құқық 1-2 том», «Тіл инстинкт», «Әдебиет теориясы 1-5 том», «Медиаэтика. Жас мамандар тәжірибесінен» сынды оқулықтардың мазмұнымен танысты.

«Рухани жаңғыру» аясында "Жаңа гуманитарлық білім" жобасының маңызы зор. Бүгінгі таңда жастарды әлеуметтендіруде, өскелең ұрпақтың бойында азаматтық ұстаным қалыптастыруда мектеп пен университетке зор міндет жүктеледі. Сондықтан, оқулық–ең маңызды құрал, бұл жас қазақстандықтарды оқыту, тәрбиелеу, олардың бойында өз жеріне, өз халқына сенім ұялату, олардың өз тарихи жады арқылы ішкі әлемін қалыптастыруға көмектеседі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз