Кітап көрмесі «Соғыс жаңғырығы...Отгремели раскаты войны...»

Жеңіс күнібұл мереке жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алатын күн. Ұлы Жеңіс күні бейбітшілікпен қайырымдылықтың жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.  Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ АКО оқу залында маңызды және ұмытылмас күнге арналған «Соғыс жаңғырығы... Отгремели раскаты войны...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Баспа беттеріндегі әскери өмір ең қорқынышты естеліктерімен келеді, бірақ олар бізге табандылық, батылдық, қаһармандық, достық, адалдық және бұзылмайтын  рух туралы еске салады.

Қойылған көрмеден Ұлы Отан соғысы тарихынан бастап, қатысқан жауынгерлердің батырлықтарын айқындайтын әдеби шығармалар, Жеңіс туралы жазылған еңбектер және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың  естеліктерімен танысуға болады.

Елін, жерін қорғау жолында жанын қиған миллиондаған жандар, ойрандалған ауыл-қалалар мен халық шаруашылығы, із-түссіз жойылған материалдық және рухани мәдениет мұралары үлкен қасіретке айналды. Алайда біз оларды есімізге мәңгі сақтамақпыз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары Кітап көрмесі «Соғыс жаңғырығы...Отгремели раскаты войны...»