Онлайн конференциясы

2019  жылдың 25 сәуірінде ақпараттық-кітапхана орталығынның оқу залында «2019 жыл-Жастар жылы» аясында, «Ғалым - студент» жобасы бойынша тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлымен кездесу өтті. Іс – шарада тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қадыржан Қабиденұлы Әбуевпен скайп желісі арқылы онлайн сұхбат жүргізілді. Онлайн сұхбатқа Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  Отан тарихы және Қазакстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Базаров Қанат Тастемірұлы және Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ–нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Рауан Жомартұлы Байдалы және әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 1-3 курс студенттері, жаратылыстану – математика факультетінің 1 курс студенттері, психология- педагогика факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Қадыржан Қабиденұлы 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ғалым ағамыздың ғылыми ізденістері мен жарыққа шыққан туындылары өзінің туған өлкесінің тарихымен тығыз байланысты. Қадыржан Қабиденұлы Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, Шыңғыс Уәлиханов, Науан Хазірет, Шоқан Уәлиханов және басқа да тарихи тұлғаларды зерттеп жүрген ғалым. Тынымсыз ғылыми ізденістің нәтижесінде 1997 жылы өлке тарихы құнды басылымға айналып, оқырмандар тарапынан кең сұранысқа ие болды. Сондай қажырлы еңбектің арқасында «Көкшетау. Тарихи очерктер» атты еңбегі жарық көрді.

 Аманжол Күзембайұлы конференция барысында бүгінгі күні өлкетану тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қадыржан Қабиденұлы жайлы жылы лебіздер айтып, ақпараттық-кітапхана орталығына табыстаған еңбектерімен таныстырды. Сұхбат барысында Қадыржан Қабиденұлына  «Республикамыздың ғылыми саясаты қай бағытта жүріп жатыр?» деген сауалдар қойылды. Онлайн конференциясында екі университет арасындағы ғылыми және тәжірибелік қарым –қатынасты нығайта түсу жайында мәселе қозғалды.

Рауан Жомартұлы сөз кезегін алып шараға қатысқан студент – жастарға алғысын айтып, жылы лебізін білдірді. Кеш соңында Аманжол Күзембайұлы «Жастар жылы-2019»-дың ерекше маңыздылығын атап өтті, студент- жастарға ақ жол тіледі.  Филология факультетінің 4 курс студенті Айнур Бекетова, Қадыржан Қабиденұлының ақпараттық-кітапхана орталығына түскен кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Осындай маңызы зор онлайн конференциялар одан әрі жалғаса береді.

25 04 19 ibc 2

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз