Әдеби-поэтикалық байқау

2019 жылдың 23 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің ақпараттық–кітапхана орталығында «2019 ЖАСТАР ЖЫЛЫ» аясында 15 сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ұлттық ғашықтар күніне арналған ЖОО мен колледж студенттері арасындағы «Жүрекпен жазылған өлең» атты облыстық әдеби–поэтикалық байқаудың қорытындысы шығарылды.Байқаудың мақсаты: студент жастарды отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани мәдениетін көтеру, ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру және қызығушылығын күшейту.

Байқауға 20 студент қатысты. Сараптама кеңесінің шешімі бойынша:

Гран приді - филология факультеті қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 4 курс студенті Махаббат Жарбосина жеңіп алды.

«Сағыныш», «Түнгі сыр» өлеңдері ең үздік деп танылды.

1 орынды – филология факультеті қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3 курс студенті Қарлығаш Сұлтан ие болды.

Қарлығаш Сұлтанның өлеңдері 2018 жылдың 10 желтоқсанында «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған университет студенттері арасында өткен «Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге» атты әдеби - поэтикалық байқауыдың гранпри жеңіп алған.

Сараптама кеңесінің шешімі бойынша 2 орынды екі студент иеленді –Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің 3 курс студенті Ернұр Әуезхан және Рудный индустриалдық институтының 3 курс студенті Жадырасын Дәулет жеңіске жетті.

3 орын - жаратылыстану математика факультетінің 3 курс студенті Ғалымбек Нұрқаділұлы мен филология факультетінің 3 курс студенті Данияр Ихсанға бұйырды.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылардың шығармалары жинақ болып басылып шығады.

ақпаратты – кітапхана орталығының оқырмандарға
қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жаксыбаева Б. К.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз