Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің құрмет кітабының тұсаукесері

2019 жылдың 3 сәуірінде университеттің 80 жылдық мерейтойы аясында ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген отырысында Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің құрметті кітабының тұсаукесері өтті. Бірінші Құрмет кітабында университеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін университеттің 62 оқытушысы мен қызметкерлері еңгізілген. Іс-шараның басында  ардагерлер кеңесі төрағасы Әбдіқалықова К.А. Құрмет кітабына енгізілгендердің қайтыс болып кеткендеріне  бір минут үнсіздік сыйлау ұсынды: Макотченко В.С., Елфимов Л.И., Таскужина К.Ж., Маркос И.Б., Духин Я.К., Путиев И.Т., Новиков В.Н., Оспанова А.С., Даулетбаев Т.Е., Ибатулин А.Ш. Шакеева Р.Ж.

Қатысушылар университеттің мұғалімдері мен қызметкерлері үшін моральдық ынталандыру жүйесінің элементі болып табылатын және Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің дамуына үлес қосатын кәсіби қызметтегі жетістіктерін алға жылжыту және насихаттау мақсатында құралған Құрмет Кітабына қабылдау туралы жаңа Ережемен танысты. Ө.Сұлтангазин атындағы ҚМПУ ректоры Әбіл Е.А. қатысушыларды университеттің  мерейтойымен құттықтап, денсаулық тілеп, жоғары оқу орнының өркендеуіне шығармашылық табыстар тіледі және университеттің он үш оқытушысы мен қызметкерлеріне Құрмет Кітабына қабылдау туралы сертификаттар тапсырды. Іс-шара музыкалық сүйемелдеуімен мерекелік атмосферада өтті.

         Ардагерлер кеңесінің мүшесі  Нечипоренко И.И.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің құрмет кітабының тұсаукесері