Өнер кафедрасының күні

Оқу үдерісін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету сапасын жоғарлату мақсатында университеттің кафедра оқытушылары қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы ақпараттық-кітапхана орталығы «КАФЕДРА КҮНІ» кешенді ақпараттық іс-шаралар өткізеді.

2019 жылыдың 1 сәуір күні ақпараттық-кітапхана орталығында «Өнер кафедрасы күні» өткізілді. Оқытушылар үшін кафедраның пәндері бойынша жаңа оқу, оқу және әдістемелік әдебиеттердің көрінісі ұйымдастырылды. Олардың ішінде ең көп сұранысқа ие болған «Формирование профессиональных умений учителя музыки в процессе его инструментальной подготовки», «Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Компьютерная нотная графика», «Вокалды-хор тәрбиесі», «Практика работы с хором», «Рисунок и графика» және т.б. сол сияқты оқулықтар мен оқу құралдары болды. Оқытушылар әдебиеттерді іздеу алгоритмімен, ақпараттық-кітапханалық орталығының мәліметтер базасымен танысып, пікір алмасты және АКО-ның кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылдады. Бұндай іс-шаралар білім беру қызметін жақсарту үшін және ақпараттық кітапхана орталық пен университеттің құрылымдық бөлімшелермен тығыз байланыста жұмыс істеуге мүмкіндігін туғызады. Ақпараттық кітапхана орталығы университеттің барлық кафедраларын одан әрі ынтымақтастыққа шақырады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз