Портрет кеші

2019 жылдың 11 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дің ақпараттық-кітапхана орталығында белгілі ақын, теледидар және радио саласында еңбек еткен ардагер журналист, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Нағашыбай Мұқатовтың 70 жылдық мерей тойына арналған «Қарапайым қазақтың бір ұлымын» атты портрет кеші өтті.

Іс–шара мақсаты: Оқырмандарды ақын Нағашыбай Оразбайұлы Мұқатовтың шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Іс–шараға тарих ғылымының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, ақын Серікбай Оспанов, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының директоры Марғұлан Оспанов, ҚМПУ филология ғылымдарынның кандидаты Алмагүл Дәненқызы Безаубекова, филология факультетінің аға оқытушысы Алия Қажымұханқызы Абдрашева, өнер кафедрасының оқытушысы педагогика және психология магистрі Наурызбай Касенгалиевич Амирхамзин, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының жетекшісі Шынар Сұлтанқызы Дусмагамбетова, сонымен қатар филология, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану- математика факультеттерінің 1-3 курс студенттері қатысты.

Іс-шараны филология факультетінің 3 курс студенті Ихсан Данияр ақын Н.Мұқатовтың «Қарапайым қазақтың бір ұлымын» атты өлеңімен ашты. Кеш қонақтары Нағашыбай Оразбайұлына жылы лебіздерін білдірді. Ақын Серікбай Оспанұлы мерейтой иесіне арнаған өлеңін оқыса, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы ақын жайлы ортақ естеліктерімен бөлісті. Іс – шара барысында ақын Нағашыбай Мұқатов өзінің өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, жаңа туындыларын оқыды. Кеште филология факультеттінің 1-3 курс студенттері Айгерім Серикова, Асел Дүйсенбі, Салембек Кенжегүл ақынның жүрек жарды өлеңдерін оқыса, Қарлығаш Сұлтан Нағашыбай ағайға арнаған өлеңін оқыды.

Музыка бөлімінің 1 курс студенті Ақтас Томирис ақын Айбатыр Сейтақтың Нағашыбай Мұқатовқа арналған «Ардақты ақын есімі» атты өлеңін оқыды. Әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 3 курс студенттері Бектенбетов Райымбек пен Молдакәрім Әсет Құрманғазының «Адай» күйін орындап, «Ауылым» атты ән шырқады. Оқырмандар Нағашыбай Мұқатовқа өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, адамгершілік, білім, Отан жайлы өнегелі әңгімесін тыңдады. Кеш соңында ақын шығармашылығына арналған «Қарапайым қазақтың бір ұлымын» атты көрме ұйымдастырылып, презентация көрсетілді.

11 03 19 ibc 1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз