Журналистпен кездесу

2019 жылдың 25 ақпанында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дің ақпараттық-кітапхана орталығында журналист, дарынды қаламгер, «Біздің Қостанай» газетінің редакторы Оразалы Жақсановқа арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты әдеби кеш өтті. Іс–шараға тарих ғылымының докторы, қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Байдалы Р.Ж., әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1- 2 курс студенттері қатысты. Іс – шара барысында О.Жақсанов жайлы бейнеролик көрсетілді. Кештің алғысөзін ақпараттық-кітапхана орталығының директоры Сания Серікқызы Бұзаубековаға берілді. Кеш барысында оқырмандар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Оразалы Отынбайұлы өзінің өмірі, балалық шағы, өмірлік ұстанымы, шығармашылығы мен еңбектері жайлы мәліметтермен бөлісті. Республика көлемінде танылған журналист, «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Алтын Орда», «Ана тілі» газеттерінде тілші ретінде қызмет еткен ағамыз қазақ баспасөзінің дамуына үлес қосып, облысымыздың қоғамдық өміріне де белсене араласқаны үшін «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Жастайынан әдебиетке үйір болған ағамыз Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің журналистика факультетінің түлегі атанып, 1982 жылдан бастап «Қостанай таңы» газетінде тілші болып қызмет етеді. Бүгінгі таңда түрлі тақырыпта жазылған 31 кітап жарыққа шықты.

Сұхбат барысында О.Жақсанов «Қайталанбас тұлғалар», «Сырлы әлем сыңғыры», «Өмір-керуен», «Әдемі қыз» т.б. кітаптарының жазылу тарихы, қамтылған мәселелері жайлы қызықты мағлұматтармен бөлісті. Тілші мамандығының қыр-сырын игерген Оразалы Отынбайұлы осы кәсіптің қиындығы мен қызығы жайлы да баяндады. Абырой арқалаған азамат, қарымды журналист студенттерге айтқан өнегелі сөздері мен кеңестері жастардың жүректерінен орын ала білді. Жастар – біздің болашағымыз, сондықтан жас ұрпақ әдебиеттерді көп оқып, тек алға ұмтылу керектігін айтып өтті Іс-шара барысында О.Жақсанов жайлы бейнеролик көрсетіліп, қаламгердің шығармалары қойылған кітап көрмесі және де презентация көрсетілімімен безендірілді. 

оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің
меңгерушісі Жаксыбаева Б. К.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз