Педагогика кафедрасы күні

2019 жылы 18 ақпан күні ақпараттық кітапхана орталығында «Педагогика кафедрасы күні» өтті. Оқытушылар үшін педагогикалық ғылымдар бойынша әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылып, ғылыми басылымдар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми және оқу-әдістемелік журналдар ұсынылды. Келесі кітаптар оқытушылардың қызығушылығын тудырды: Хан, Н.Н. Педагогика / Н.Н. Хан, К.К. Жампеисова, Ш.Ж. Колумбаева; КазНУ им. Абая.- Алматы, 2017; Әбенбаев, С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Астана, 2017; Куцебо, Г.И. Общая и профессиональная педагогика. – М., 2017; және тағы басқа баспалар.

Оқытушыларға электронды білім беру ресурстарын қолдану, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткішін ЖОО-ның 80 жылдық мерейтойына дайындау туралы ақпараттық хабарламалар ұсынылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз