Оқырман конференциясы

Қоғам қайраткері, Қазақстанның құрметті ұстазы Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл толуына орай ҚМПУ –дың «Рухани жаңғыру» жоба орталығында 2018 жылғы 5 қазанда ақпараттық – кітапхана орталығы «Заманын жырлаған жазушы» атты оқырман конференциясын өткізді. Шараға ақын, ҚМПУ – дың профессоры Серікбай Оспанұлы, Қостанай ауданы, Абай ауылы «Абай негізгі мектебінің» оқу ісі меңгерушісі Аубакирова Светлана Ғалымқызы, қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі Махрубаева Жадыра және 6 сынып оқушылары, ҚМПУ – дың педагогика кафедрасының оқытушылары Шалғымбекова Алия Батырхановна мен Ермаганбетова Акбота Жаналыковна, филология факультеті мен жаратылыстану – математика факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

Конференцияда ақын Серікбай Оспанұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген қызықты мәліметтер айтып берді. 1 курс студенттері Серікова Айгерім, Қойшыбаева Таңсұлу С. Көбеевтің аудармасында Крыловтың мысалдарын оқыды. Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы талқыланды, оқырмандар роман жайында өз ойларын ортаға салды жаратылыстану – математика факультетінің 1 курс студенті Саясат Кәусар романннан үзінді оқыды. Кеш соңында Қасымова Әсемгүл ақын Мариям Хакімжанованың «Ұстаз» деген өлеңін оқыды. Іс – шара жазушының шығармалары қойылған кітап көрмесі және де презентация көрсетілімімен безендірілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз