«Сандық дәуірдегі кітапханалардың рөлінің өзгеруі»

2018 жылдың 2 қазанда А. Байтұрсынұлы ат. Қостанай мемлекеттік университетінің «Білім орталығы» ғылыми кітапханасында Ұлттық ақпараттық сауаттылығы туралы хабардар ету күні бағдарламасын жүзеге асыру барысында, DIREKT (ERASMUS+), жобасы аясында,  жоғары және орта-арнаулы білім беру жүйесінің кітапханашылары үшін «Сандық дәуірдегі кітапханалардың рөлінің өзгеруі» атты дөңгелек үстел өткізілді. А. Байтұрсынұлы ат. Қостанай мемлекеттік университетінің «Білім Орталығы» ҒК-ның директоры Ж. С. Ержанова дөңгелек үстелдің модераторы болды. Іс-шараға Қостанай қаласы мен орта білім беру мекемелерінің кітапханаларының өкілдері, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық-кітапхана орталығынан әдіскері Е. Н. Шеремет және анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Т. С. Сусик қатысты.

Дөңгелек үстел аясында білім беру кітапханаларының өзекті мәселелері, олардың ақпараттық қамтамасыз етуі, жоғары оқу орындарындағы кітапханаларының сандық ақпарат кезеңіндегі рөлі талқыланды. Қорды цифрландыру, авторлық құқықты қадағалау және пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары «Сандық дәуірдегі кітапханалардың рөлінің өзгеруі»