Портрет- кеші

2018 ж. 23 сәуірде әмбебап оқу залында Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық Қаһарманы , партизан жазушы Касым Қайсеновтың туғанына 100 толуына орай «Жауынгер жазушы » атты портрет кеші өтті. Кешке   Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Оқырмандар назарына «Жауынгер жазушы» атты электрондық шолу жасалып, шығармалары мен естеліктерінен үзінділер оқылды. Кеш соңында Қасым ата жайында түсірілген «Қасым » атты фильмнен үзінді көрсетілді. Шараны ұйымдастыруға ӘГФ деканы Шахаман З.Б. қолдау көрсетті.

Тарихсыз болашақ болмайды, біз елімізге бостандық алып берген ағаларымыз бен апаларымызды еш уақытта ұмытпауымыз қажет. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысында Кеңес жерін жаудан қорғап, Белоруссияда, Украинада партизан қозғалысына қатысып, ерен ерлік көрсеткен жерлестеріміздің бірі. Біз әрқашан Қасым ағамыздың алдында басымызды иеміз, оны мәңгілік жадымызда сақтаймыз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз