Поэзия кеші

 

2020 жылдың 26 ақпан күні ақпараттық-кітапхан орталығынның оқу залында,ұлы ақын Абай құнанбаевтың 175 жылдыңына арналған, «Абай – әлемдік тұлға..» әдеби кеш өтті.

Іс-шараға филология департаменті,әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, жаратылыстану–математика факультетінің студенттері қатысты. Мақсаты ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту. Іс-шараға университет студенттері белсенді қатысып, Абайдың шығармаларын, қазақ және ағылшын, орыс тілдерінде орындады.

Валихан Меруерт, Нүкішева Гүлсайран,Мендыбаева Татьяна ұлы ақынның өлеңдерін үш тілде оқып шықса, Макатова Аягоз, Ыбырай Нұрғали қара сөздерін мәнерлеп жеткізді. Ерасыл Рашидұлы «Балбырауын» күйін орындады. Жамиля Кужахметованың орындауында ақынның «Көзімнің қарасы» атты әні тыңдалды.

Осы іс шараға өз үлестерін қосқан әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы З.Б.Шахаманға және филология департаментінің басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметоваға ақпараттық- кітапхана орталығының атынан алғысымызды білдіреміз. Кеш соңында іс-шараға қатысқан студенттерге кітапхана атынан алғыс хат берілді.

Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

26 02 2020i2

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз