«Абай – әлемдік тұлға...» кітап көрмесі

 Ақпараттық кітапхана орталығында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды.

 Қазақ даласының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың еліміздің рухани мұрасына қосқан үлесі шексіз, оның шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерде кеңінен танымал.

Абай бізге бүгінде өзекті бай мұра қалдырды. Оған әр-түрлі жанрлар, философиялық, моралистикалық лирика, сатирика мазмұнындағы өлеңдер, махаббат жолдаулары, поэмалар, «Қара сөздер» кіреді.

Экспозиция келесі бөлімдермен ұсынылған: «Абайдың асыл мұрасы», «Абай және әлем әдебиеті», «Абай – мәңгі халқының жүрегінде».   

Оқырмандар үшін көркем шығармалар, таңдамалы өлеңдер жинағы, электронды кітаптар, қазақ және ағылшын тілдеріндегі ақынның "Қара сөздері", университет оқытушыларының даланың Ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы журналдар мен газеттердегі мақалалары ұсынылды.

25 01 2020ibc2

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары «Абай – әлемдік тұлға...» кітап көрмесі