2019 жылы 12 желтоқсанда "Саяхат" өлкетану клубының мүшелері К. Брюханова, Н. Мельниктің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.І с-шарада студенттер Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы туралы айтып, «Біздің қаладағы көшелер тарихы» тақырыбында бейнеролик түрінде шығармашылық жобалар ұсынды.Содан кейін Қазақстан және Қостанай қаласы туралы сұрақтарымен интеллектуалдық викторина ұсынылды, белсенді студенттер құрмет грамоталарымен марапатталды, I орын – 1 курс студенті, География Федотов Александр, II орын – 3 курс студенті, География Хужина Екатерина, III орын – 3 курс студенті, География Омарова Ақмарал иеленді.

2019 жылы 12 желтоқсанда филология департаментінің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламалары ҚР Тәуелсіздік күніне және Жастарды қолдау жылына орай департамент студенттерімен арнайы кездесу өткізді. Филология департаментінің басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Сейсембай Т.Т., Кинжибаева А.С. студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, төмендегі номинациялар бойынша студенттерді алғыс хат, мақтау қағазымен марапаттап, сертификаттар табыстады.

2019 жылдың 11 желтоқсанында психологиялық-педагогикалық факультеті педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Ажмолдаева Малика және Кубекова Гульназмен бірге Қостанай телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында тікелей эфирге шықты.Тікелей эфир барысында еріктілер «Қарлығаш – балалардың әлеуметтену және бейімделу мектебі» әлеуметтік жобасы аясындағы жұмыстары туралы әңгімелеп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

2019 жылдың 11 желтоқсанында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның қонақтары мен сөз сөйлеушілері: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысыбойынша ПҚ БАИ»  мектепке дейінгі, бастауышоқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасыныңаға оқытушысы, Ионова Светлана Петровна және Қорған облысы, Шадринск қаласы,Шадринск мемлекеттік педагогикалық институты, мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидатыКаратаева Наталья Александровна сияқты тәжірибелі педагогтар болды. 

2019 жылы 10 желтоқсанда қарттарға арналған пансионата жаратылыстану-математика факультетінің "Биология" мамандығының (қазақ бөлімі) 2 курс студенттері Sun Vita орталығында әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында аға оқытушы Суюндикова Ж.Т жетекшілігімен денсаулық сағаты өткізілді.  с шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Қарт адамдарға дене белсенділігін сақтау үшін сауықтыруға арналған жаттығулар көрсетілді.

2019 жылдың 10 желтоқсанында сағат 12:30-да 424 дәрісханада «Информатика» және «Информатика, робототехника және жобалау» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты кураторлық сағат өткізілді.

2019 жылдың 10 желтоқсанында Психологиялық-педагогикалық факультеттің педагогика кафедрасының оқу залында «ХХІ ғасыр студенттерінің дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тиімді әдістері» атты халықаралық онлайн-семинар өтті. Семинардың модераторлары Калининградтағы «Болашақ мектебі», Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі, Ө.Сұлтангазин атындағы ҚМПУ-дің педагогика кафедрасы болды.

Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасында өткізілетін "5 жаңа тұлға" облыстық конкурсының қорытындысы Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концертте жарияланды. Конкурсты ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты департаменті. Байқаудың мақсаты - ғылым, спорт, мәдениет, қоғам мен инновацияның дамуына ықпал ету. Студенттердің, оқытушылардың, магистранттардың және қызметкерлердің шынайы тарихы негізінде табысты, бәсекеге қабілетті идеяларды алға жылжыту. Байқау 5 номинация бойынша өткізілді: спорт, ғылым, мәдениет, қоғам және инновация.

2019 жылдың 7 желтоқсанында Жастар Сарайында «Үздік ерікті 2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Үздік ерікті 2019» атағын психология-педагогикалық факультеттің педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна иеленді. Асия Кыкпаевна 4 жыл бойы әлеуметтік еріктілік қызметпен айналысады, «Қарлығаш – балалардың бейімделуі мен әлеуметтенуі мектебі» студенттік инновациялық жобасының жетекшісі. Бұл жобаның мақсаты жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың бейімделуіне және әлеуметтенуіне жағдай жасау болып табылады.

7 желтоқсанда Информатика мамандығының 4 курс студенті Сәбит Зере Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Трансформацияның Қазақстандық үлгісі: әлеуметтік-саяси контексті» атты XI халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны Философия және психология факультетінің Саясаттану және әлеуметтану кафедрасыұйымдастырған.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары