2019 жылғы 10-11 қазанда күн тәртібіндегі дәл осы мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігінің бастамасымен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында Нұр-Сұлтан ғалымдарының, облыс департаменттерінің басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, облыс әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдері басшыларының, қоғамдық пікір көшбасшыларының және облыстың саяси партиялары басшыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті.

2019 жылы 8 қазанда Сарыкөл ауданында облыстық ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің қатысуымен қоғамдық қабылдаудың пленарлық отырысы өтті. Бағдарламаға сәйкес, аудан тұрғындары алдында бірінші болып Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Б. Б. Аккужина сөз сөйледі. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары мен жобалары туралы айтты. Кездесудің екінші спикері, А. Байтұрсынов атындаңғы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының директоры, облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі Әлібек Табулденов Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы туралы айтып берді.

4 қазан күні Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында университет студенттері арасында Көңілді старттар эстафетасы өтті. Осы іс-шараға 4 команда қатысты: әлеуметтік-гуманитарлық факультеті,  жаратылыстану-математика факультеті, дене шынықтыру спорт және туризм факультеті және психологиялық-педагогикалық факультет. Командалардың жалпы құрамы 32 адамды құрады.Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1-ші орынды СМФ және ФКиС факультеттерінің командалары, 2-ші орынды ППФ, 3-ші орынды ЕМФ командалары иеленді.

3 қазан 2019 жылы факультет студенттері Халықаралық Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Дене шынықтыру және спорт мамандығының қазақ бөлімінің студенттері шығармашылық нөмірлерінің жарқын фестивалін дайындады , факультет оқытушыларының құрметіне әдемі өлеңдер, құттықтаулар мен алғыс сөздер, балалық шақтан сүйікті әндер шырқалды.

Ұстаздар Күні қарсаңында 2019 жылдың 1 қазаны күні психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. жетекшілігімен 1, 2 курс студенттері Психология және педагогика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Ұстаздарым – думан болсын әр күнің!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Педагогтарға алғыс сөздер, өлеңдер мен әндер айтылды. Мектеп өміріндегі қызықты конкурстар мен миниқойылым педагогтар мен студенттер үшін үлкен әсер қалдырды.

2019 жылдың 30 қыркүйегінде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет қабырғасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында студенттердің арасында «Отбасы – ырыстың ұйытқысы» атты ҚР «Отбасы күніне» арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шара психология және педагогика факультетінің деканының орынбасары Алипбаева Г.А. және психология және дефектология кафедрасының оқытушысы Бегежанова Р.К. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің психология және педагогика, жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеттерінің мен филология департаментінің студенттері қатысты.

Қыркүйек айының 30-шы жұлдызында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында химия мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты - ұлы тұлға» атты іс-шара өткізілді. Бұл мерекелік іс-шараның көздеген мақсаты студенттерді ұстаз еңбегін құрметтеп, әрқашан бағалай білуге үйрету және 1 курс студенттерін кафедра оқытушыларымен таныстыру болатын. Химия мамандығының 1-4 курс студенттері өз өнерлерін ортаға салып, өткізілген мерекеге белсене ат салысты.

Жыл сайын 26 қыркүйекте Еуропалық тілдер күні атап өтілді. 2019 жылдың 27 қыркүйегінде ҚМПУ Фрацуз мәдениет орталығының жетекшісі Жанбуршинова Г.К. мен ФМО әдістемелік бөлімінің жетекшісі Иванова Е.С. осы мерекеге орай бірлескен мерекелік іс – шарасы өткізілді. Іс – шараның негізгі мақсаты қатысушыларды еуропа елдерінің мәдениетімен, тұрмыс – тіршілігімен жақынырақ таныстыру. Мереге ҚМПУ шет тілдер кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. Мерекелік іс – шара қонағы ретінде: ағылшын тілі оқытушысы Брайс Дэвид Морр, Франциядан келген қонағымыз Лу Кассай және ҚМПУ түлегі, қазіргі таңда Франция тұрғыны Новикова Юлия болды. Іс – шара барысында қатысушыларға білімдерін тексеру үшін үш тілде әр түрлі тапсырмалар берілді (ағылшы, неміс және француз).

26.09.2019 ж. бұл жобаны іске асыру мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің, педагогика кафедрасында ПОҚ–ның студенттермен кездесуі өтті. Педагогика кафедрасының компьютерлік-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жетпісбаева А.А. ұйымдастырған кездесуде, педагогока кафедрасының меңгерушісі Қалиев Д.Д., кафедра оқытушылары Абдиркенова А.Қ., Ақанбаев Б.Н. студенттерді «Медиа және журналистика», «Интернет психология», «Оқыту теориясы» т.б. сынды жаңа оқулықтармен таныстырды.

2019 жылы 24 қыркүйекте Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің базасында ҚХА кафедраларының республикалық Қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті.Отырыс барысында аймақтардағы ҚХА кафедраларының жұмысын ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер, кафедралардың Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Жолдауын түсіндіруге қатысуы, ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары