Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында 2020 жылдың 18 және 20 ақпанында профессор-оқытушылар құрамының биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Брагина, биология магистрі, аға оқытушы, Ғылым және халықаралық қатынастарды басқару ғылыми орталығының жетекшісі М.А. Бобренко және биология магистрі, аға оқытушы М.М. Рулёва Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары мен «Биология» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттеріне арналған «Биологиялық әртүрлілікті зерттеудің инновациялық молекулярлы-генетикалық әдістері» мастер-классы өткізілді.

2020 жылдың 20 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» және 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары 3 курс студенттерінің оқу-тәрбие педагогикалық практикасы өткізілді. 20-ақпан күні студенттер практиканың есептік құжаттарын қорғады.Мақсаты: студенттердің есептік құжаттарын қорғауын ұйымдастыру, кәсіби іс-тәжірибе нәтижесін қорытындылау, жетілдіру жолдарын талқылау. Іс-шараға филология департаменті басшысы ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы және қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы оқытушылары: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мырзағалиева К.М., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамиева Б.О., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Исова Э.А., гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Сейсембай Т.Т., аға оқытушы Сейсембай Г.А., сонымен қатар, педагогика бойынша әдіскер аға оқытушы Әбдіркенова А.Қ. қатысты.

2020 жылдың 19-шы ақпаны күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасында әдістемелік апта аясында «Орта мектепте жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламаларын игеруге адаптациялану механизмдері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының орта мектеп бағдарламалары мазмұнын ескерумен қалыптасу мүмкіндіктерін талдау; жоғары оқу орнында және мектепте білім беруді жетілдіру сұрақтарын талдау, пікір және тәжірибе алмасу болды. Семинарға мектеп мұғалімдері шақырылды: Жумагулова Қ.Ж. - химия пәні мұғалімі, Зейнуллина М.Ж. – география пәні мұғалімі (Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат); Демесенов Б.М. - биология пәні мұғалімі, Садвакасов А.Ж. - география пәні мұғалімі (Қостанай қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі); Нугуманова К.А. – химия пәні мұғалімі, Төлеміс Ж.С. - биология пәні мұғалімі (ақпараттық технологиялардың мамандандырылған «Озат» мектеп-лицей-интернаты). Семинарға 3 курс студенттері қатысты (химиктер, биологтар, географтар).

2020 жылдың 19 ақпан күні кезекті Филология департаментінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушыларымен «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының (№9, №6, №20, №16, ЖЖМ) мектептерінен 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Жалпы іс-шараның мақсаты студенттердің рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының көтеру болып табылады. Департамент басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова, білім беру бағдарламаларының басшылары мен мемлекеттік қызмет және рекрутирлеу басқармасының бастығы Н. В. Ковалева сөз сөйлеп, аталмыш іс-шарада ҰБТ тапсыру рәсімі, жоғары оқу орнын дұрыс таңдау, жалпы болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесті.

2020 жылдың 18 ақпанында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және республикада бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында жалпы республикалық акция аясында Қостанай облысының 6697 әскери бөлімінде толеранттылық пен патриотизм сабағы өтті.Аталған іс-шараға Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының қауымдастырылған профессоры В.Г. Вишниченко қатысып негізгі хабарлама жасады. Барлығы 170 адам болатын бөлімшенің жеке және командалық құрамы іс-шараның қатысушылары болды. В. Вишниченко өз сөзінде елдегі ұлтаралық қатынастарды тұрақты деп сипаттап, ақпан айының басында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғалардан сабақ алуға және туындаған мәселелерді ұлтаралық және саяси деңгейге көшірмей шешуге ерекше назар аударды.

2020 жылдың 18 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік апталығы жарқын оқиғамен толықтырылды. Кафедра профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әбдіқалықова Қалимаш Ахатқызы "Химия" мамандығының 3 курс студенттерімен "Көмірсулар: альдегидспирттер және кетоспирттер" тақырыбында "Органикалық молекулалардың функционалдық туындылары химиясы" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Профессор үшін ашық сабақ – әдеттегі құбылыс, бірақ бұл сабақты стандартты деп атауға болмайды. Сабақ атмосферасын жаңарту рухы студенттік ортаға да таралады. Қалимаш Ахатқызы - тәжірибелі тәлімгер, мектеп сабақтарына жиі барады, қазіргі сабақтың оң және проблемалық жақтарын біледі. 

«Community Service» пәнін оқу аясында «6В01502-Физика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері 2020 жылдың 17 ақпанында «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» ММ 7 «А» (кадет) сыныбында «Архимед заңын зерделеу» атты зертханалық жұмысты өткізді. Сабақ өткізу үшін Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дың физика-математика пәндері кафедрасының «Физика кабинетіндегі» құралдар қолданылды. Сабақты ұйымдастыру және оқушыларды топтарға бөлу үшін «Молекулалар» сергіту сәті қолданылды. Студенттер ФМД кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Нупирова А.М. және физика мұғалімі Көптілеу М.А. жетекшілігімен жұмыс істеу үшін қолданылатын құралдар туралы айтып, мензурка және динамометр шкаласының бөліну бағасын анықтауға, оқушыларға өлшеу және есептеу жүргізуге көмектесті. Жұмыс соңында оқушылар алдын ала дайындалған парақшадағы кестені толтырды, және өз бетінше қорытынды жасады.

2020 жылдың 13 ақпанында облысымыздың мемлекеттік архивінде республиканың құрметті журналисі, республикалық және облыстық телеқұжатшылар байқауларының лауреаты Гүлжібек Бекмұхамедованың 65 жылдығына арналған жұртшылықпен кездесу өтті. Іс-шара аясында журналистің шығармашылық жолы, оның өмірбаянының ең жарқын сәттері мен белгілі еңбектерінің үзінділері көрсетілді. Кездесуге Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының қауымдастырылған профессоры Валерий Вишниченко қатысып сөз сөйледі.

7 ақпанда «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру апталығы аясында «Менің елімнің болашағындағы менің орным» эссе байқауы қорытындыланды. Оған 1-2 курс студенттері, орта мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың барлығы – 70 адам. Іс-шара барысында білім беру бағдарламасын және оның жетістіктерін насихаттау мақсатында жалдау науқаны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – белсенді өмір салтымен жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

2020 жылдың 5 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағытындағы білім беру апталығы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті (К. Сегізбаева, С.К. Арсаева). Шығармашылық жұмыстар конкурсына «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 және 2 курс студенттері қатысты. Іс-шара бірнеше кезеңде өтті. Бірінші кезеңде оқушылар шығармашылықтарын көрсетіп, өз топтарын ұсынды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары