Инновациялық дамуда білім маңызды рөл атқарады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бүгінгі күнгі өзекті де, кезек күттірмес мәселе. Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру міндеттерін ескере отырып, білім берудің жаңа сапасына және жас ұрпақтың тәрбиесіне қол жеткізуге бағытталған өзекті тәсілдер, идеялар мен тәжірибелер талап етіледі. Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуға жетекші рөл педагогика ғылымымен, соның ішінде жас ғалымдардың зерттеулері ерекше мәнге ие.

2019 жылдың 10 сәуірінде медиация мектебінің тыңдаушылары ҚМПУ «Психология» кафедрасының оқытушысы Бисембаева Асем Кумаровнамен бірге вербалды және вербалды емес қарым-қатынастың ерекшеліктерін зерттеді. Асем Кумаровна атап өткендей, ым-қимыл мен мимиканы білу медиаторға клиенттермен қарым-қатынас жасауға, олардың пікірлеріндегі ақиқатты анықтауға, медиаторға жүгіну себебін түсінуге және медиация процесін басқаруға көмектеседі. 

10 сәуір 2019 жылы Ө.Султангазин атындағы ҚМПУ  студенттері мен психологияжәне  дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. Қостанай облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып әлеуметтік-психологиялық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты орталықта бейімделуші балалар дос бола білу, достықты қадірлеу және достыққа адал болуға шақыру. Іс-шараны өткізу кезінде әртүрлі психологиялық жаттығулар, тренингтермен қатар балалардың қатысуымен сайыстар ұйымдастырды.

2019 жылдың 9 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Психология және дефектология кафедрасында ұйымдастырылған дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті. Ұйымдастыру ісіне жауапты психология және дефектология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Сатыбалдина Р.А. Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну. Психология және дефектология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бағдарланған тақырыптар бойынша баяндамалар дайындалды.

2019 жылы 9 сәуірде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Жастар жылы аясында I кітап фестивалі KITAP FEST 2019 өтті. Психология-педагогикалық факультетінің педагогика кафедрасында екінші жыл бойы "Қарлығаш–балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі" атты студенттік зерттеу жобасы жұмыс істейді, жоба жетекшісі педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна.

Дүйсенбі 8 сәуір күні физика-математикалық пәндер кафедрасының әдістемелік апталығы аясында зияткерлік ойын өткізілді және жыл сайын 12 сәуірде аталып өтетін Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні мен Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған. Ойын 6 кезеңнен тұрды: 1 – жаттығу (8 сұрақ), 2 – ғарышкер (8 сұрақ), 3 – бір сөзбен (14 сұрақ), 4 – Математика (6 сұрақ), 5 – Физика (6 сұрақ), 5 – Астрономия (6 сұрақ). Тапсырмалар екі тілде – мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылды және ғылымның әр түрлі жақтарын – ұлы ғалымдар, атаулы күндер, физикалық құбылыстар, қызықты фактілер қамтыды.

Ө. Султангазин атындағы Қостанай мемелекеттік педогогикалық университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушысы Кубеев М.С жəне Белан О.Р сондай-ақ жаратылыстану математика факультетінің биология мамандығының 1 курс студенттері 08.04.2019 жыл уақыт аралығында 10-шы орта мектебінің 9-10 сыныптар арасында көп қабатты үйлердің кіре берістерін жəне алаңын көгалдандыру атты тренинг өткізілді. Бұл тренингте қолайлы экологиялық жағдай жасау мақсатында көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері туралы айтылды. 

2019 жылдың 1-5 сәуірі аралығында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің өнер кафедрасында әдістемелік апталық өтті. 01 Сәуір (14:30) ақпараттық-кітапхана орталығында кафедра пәндері бойынша жаңа оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Олардың ішінде ең сұранысқа ие оқулықтар мен оқу құралдары: "Музыка мұғалімінің оның аспаптық дайындығы процесіндекәсіби біліктілігін қалыптастыру", "Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі", "Компьютерная нотная графика", "Вокалды-хор тәрбиесі", "Практика работы с хором", "Рисунок и графика" және т. б. болды.

2019 жылдың 1 сәуір мен 5-ші сәуір аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының әдістемелік апталығы өтті. Көрмеде студенттердің қолдан жасаған еңбектері өте жоғары дәрежеде орындалды. Көрмені ұйымдастырған аға оқытушылары,педагогика ғылымының магистрлері Мукалиева Баян Хамзовна мен Жандауова Шолпан Еркиновна. Көрме Университеттің ғылыми ақпараттық кітапхана орталығында ұйымдастырылды. Кітапхана директоры Безаубекова Сания Серікқызы сол өнер туындыларын кітап құндылықтарымен байланыстыра отырып ерекше кіріктірілген көрмені жоғары дәрежеде өтуіне көмектесті. 

2019 жылдың 4-5 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (Қарағанды қ.) 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша XІ Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадасы өтті. Республикалық олимпиадаға барлығы 13 топ қатысты. Олимпиада мақсаты: болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары