2020 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін "Дефектология" білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков мектептерінде өндірістік тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе барысында біздің университет студенттері белсенділік, ұйымшылдық, тәртіп, бастамашылық, сонымен қатар балалармен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Студенттер өз бетімен сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

Осындай атаумен Қазақстан Республикасындағы білім беру үздігі, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, облыстық ҚХА мүшесі, Қостанайлық жазушы А. И. Суслова мен ППФ студенттерінің кездесуі 13 наурыз өтті. Александра Ильиничнаның есімі Қазақстаннан тыс жерде де белгілі. Ол халықаралық ақындық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы. Бұл ҚМПУ студенттері үшін жазушы шығармашылығымен өткен бірінші кездесу емес.

2020 жылдың 13 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде ТМД елдері арасындағы үздік жас ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті. Байқауға қатысушы Сатыбалдина Раушан Әлімжановнаға, педагогика ғылымдарының магистрі, психология және дефектология кафедрасының оқытушысы Қазақстанның танымал тұлғаларының қолынан «Жас ғалым-2020» медалі, І дәрежелі диплом және Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтың жеке қолтаңбасы бар «Үздік жас ғалым – 2020» жинағы табыс етілді.

12 наурызда 2020 жылы Өнер кафедрасында «Музыкалық білім», "Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау", "Бейнелеу өнері және сызу" бакалавриат бағдарламасының білім беру бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес бакалавриаттың білім беру бағдарламасын талқылау, сонымен қатар студенттердің педагогикалық және өндірістік практиканы аяқтау нәтижелеріне талдау жасау.

2020 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау аясында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова Қостанай қаласының №8 орта мектебінің 8-сыныбында ақпараттық сағат өткізді. О. Н.Евдокимова өз сөзінде «Конституция» ұғымына, Конституцияның негізгі құрылымдық элементтері мен ерекшеліктеріне тоқталып, 1993 және 1995 жылғы Конституцияға салыстырмалы талдау жасады, адамның және ҚР азаматының конституциялық құқықтары мен міндеттерін еске түсірді және адамның әлеуметтік және мәдени құқықтарын бекітуге бағытталған ойын өткізді.

10 наурыз, 2020 жылға жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында "География", "География-Биология" бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша презентация өткізілді. Семинар жұмысының мақсаты-орта білімнің жаңартылған мазмұнына сәйкес бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын талқылау. 
Аталған іс-шараны жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Баубекова Г. К., география магистрі, аға оқытушы Омарова К. И., география магистрі, аға оқытушы Коваль В. В., география магистрі, оқытушы Баймаганбетова Б. Б. ұйымдастырды.

Кез келген оқушының мектептегі білім алу жетістіктері неден басталады? Оның жағдайларын ұзақ айтуға болады, бірақ ең маңызды шарт мұғалімді сапалы дайындау, оның саналы кәсіби құзіреттілігі екені сөзсіз.2020 жылдың 10-шы наурызы күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасының химияны оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеу Орталығы «Химия», «Химия-Биология» білім беру бағдарламалары стейкхолдерлерінің кездесуін өткізді. Білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер, облыстың тәжірибелі және жас мұғалімдері, студенттер мұғалімдерді дайындауды жақсарту ресурсын талдады. 

2020 жылдың 6 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ психология және дефектология кафедрасында «6В01901Арнайы педагогика білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинарды өткізудің мақсаты: тәжірибе алмасу, білім сапасын арттыру, арнайы және инклюзивті білім беру саласында талап етілетін бәсекеге қабілетті түлекті дайындау үшін «6В01901 Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық процестің барлық мүдделі қатысушыларының  бірлескен қызметін жандандыру.

2020 жылдың 6 наурызында ҚХА кафедрасында облыстық ҚХА мүшелерінің қатысуымен Алғыс айту күніне және ҚХА-ның 25 жылдығына арналған ҚХА-ның 25 жылдығы жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Театрланған қойылым, халықтың қоныс аударуы туралы бірнеше өлеңдер, спикерлердің сөз сөйлеуі, З. С. Чумакованың «Адам бол!» поэмасынан үзінді және ҚМПУ студенттеріне автордан бейне жолдау – бұның бәрі мереке сценарийінің негізі еді. Тарих мамандығының ІІ курс студенттері Қазақстанға қоныс аудару кезеңінен шағын театрланған көрініс қойды.

2020 жылдың 5 нурызында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Бакалавриат пен магистратураға арналған «Биология» білім бағдарламаларымен танысу және оларды талдау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: «Биология» білім бағдарламасын насихаттау және оның мазмұнын талдау. Дөңгелек үстелдің жұмысына белсенді атсалысқан стейкхолдерлер, Қостанай қаласының оқу орындарының мұғалімдері (лицей-мектеп №1, IT лицей «Озат», ОМ№17, №5, №6, Физико-математикалық лицей, Қостанай қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері) «Биология» ББ профессорлар-оқытушылар ұжымы, 2-3 курс студенттері.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары