Облыстық ҚХА мен Достық үйі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала және облыс мектептерінің оқушылары үшін «Мектеп медиациясы мен халықтық дипломатия» атты оқыту семинарларын өткізеді. Аталған жоба қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында мектеп медиациясын дамытуға ықпал етуге, білім беру кеңістігіне Медиация инситиутының тетіктерін енгізуге, Медиация негіздеріне және жанжалдарды тиімді шешу дағдыларына үйретуге бағытталған. Осындай семинарлар Рудный қаласының №11 ОМ мен Қостанай қаласының №17 ОМ өтті.

8 мамыр күні Жеңіс саябағында әскери медбикелерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оны зейнеткер Бек Жүсіпов өз қаражатына орнатты. Ресейге отбасылық саяхатпен барғанда осындай ескерткішті көріп, оған да монумент құру идеясы келген. Фронт медбикесінің мүсіні заманауи пластиктен жасалған, ал оның биіктігі екі метрге жуық. Автордың ойы бойынша, шайқастарда сарбаздарды шығаруға көмектескен ит, медбикенің аяғы болып мүсінделген.

2019 жылдың 30 сәуірінде Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Мемлекеттік қызмет: бірлік, келісім және тең мүмкіндіктер» атты салтанатты іс-шара өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В.Г. Вишниченко қатысты. Ол жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, келе жатқан мереке - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік қызметшінің кәсіби шеберлігін арттыруға қатысты өз ұстанымын айтып өтті.

2019 жылдың 29 сәуірінде Л. Толстой атындағы облыстық кітапхананың әдеби қонақжайында Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Сарапшы» саяси клубының «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында 1-ші отырысы өтті. Клубтың салтанатты ашылуына клуб мүшелері мен ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко және ҚХА кафедрасының профессоры, п. ғ. к. З. У. Карбенова қатысты. Өз сөзінде Валерий Георгиевич Н. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы көрнекті рөлін қысқаша сипаттап берді.

2019 жылы 29 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту» деп аталды. Сессия төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті, ҚХА басшысы Н.Назарбаев болды. Н.Назарбаев өз сөзін: «Өзгермелі әлемде бір тұрақты – бейбітшілік пен келісім бар. Бұл біздің құндылықтарымыз. Этникалық қақтығыстар мемлекеттің құлауына жиі әсер етеді. Сондықтан бізге жеріміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтау қажет», - деп бастады.

Бұл тақырып орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2019 жылдың 25 сәуір айында өткен ғылыми-практикалық конференцияға арналды. Конференция шеңберінде «Қазіргі әдебиет», «Когнитивті лингвистика мәселелері», «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» үш секция жұмысы ұйымдастырылды. «Қазіргі әдебиет» секциясының жұмысы қазылар алқасы мүшелерімен бағаланды: Т.Р. Пчелкина ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор – қазылар алқасының төрағасы. 

2019 жылы 25 сәуірде Л. Толстой атындағы облыстық кітапхана бастамасымен «Әдеби десант» жобасы аясында Алтынсарин орталық кітапхан жүйесінде Қазақстанның танымал қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры, Қостанай облысының тарихы мен мәдениеті мәселелеріне арналған бірнеше кітаптардың авторы Валерий Георгиевич Вишниченкомен кездесу өтті.

24.04.2019 жылы Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері мен «Саяхат» өлкетану клубы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырып өткізді. Іс-шара «Қазақстанның 100 жаңа есімі» конкурсына қатысқан және осы тізімге енген Қостанай облысының атақты тұлғаларының жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

2019 жылдың 24 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Педагогика және психология факультетінің 1-2 курс студентеріне латын графикасына негізделген қазақ тілі емле ережесінің құрылымы мен мазмұнын таныстыру болды. Аталған шараға Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы К.Ә.Бимағанбетов, латыннегізді қазақ әліпбиі оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Т.Сейсембай қатысты.

2019 жылдың 23 сәуір күні Достық үйінде облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының дөңгелек үстелі өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауы туралы шешімін ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В.Г. Вишниченко мен ҚХА кафедрасының профессоры, п.ғ.к. З.У. Карбенова ұсынды. Валерий Георгиевич өз сөзінде атап өткендей, «бүгінгі саяси оқиға мен «Nur Otan» партиясының ел Президенті лауазымына кандидат ретінде ұсынуы, менің ойымша, ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың айқын сызған, біздің еліміздің бағыт саясатын жалғастырудың өзгермегенін айқын дәлелі болып табылады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары