2019 жылдың 24 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Педагогика және психология факультетінің 1-2 курс студентеріне латын графикасына негізделген қазақ тілі емле ережесінің құрылымы мен мазмұнын таныстыру болды. Аталған шараға Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы К.Ә.Бимағанбетов, латыннегізді қазақ әліпбиі оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Т.Сейсембай қатысты.

2019 жылдың 23 сәуір күні Достық үйінде облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының дөңгелек үстелі өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауы туралы шешімін ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В.Г. Вишниченко мен ҚХА кафедрасының профессоры, п.ғ.к. З.У. Карбенова ұсынды. Валерий Георгиевич өз сөзінде атап өткендей, «бүгінгі саяси оқиға мен «Nur Otan» партиясының ел Президенті лауазымына кандидат ретінде ұсынуы, менің ойымша, ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың айқын сызған, біздің еліміздің бағыт саясатын жалғастырудың өзгермегенін айқын дәлелі болып табылады.

2019 жылғы 19-21 сәуір аралығында Қостанай қаласында "Алтын микрофон" халықаралық конкурсы өтті. Сахнада тек Қостанай облысының өкілдері ғана емес, сонымен қатар Алматы, Орал, Тараз, Қызылорда, Петропавл қалаларынан келген қонақтар да өнер көрсетті. Еліміздің ең беделді вокалдық конкурстарының бірі лауреат атағына сәуір айында Музыкалық білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Нұрдуллаева Мақпал "Алтын микрофон" халықаралық конкурсы дәстүр бойынша үміткер болды. Бұл көптен күткен оқиға.

2019 жылдың 19 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Челябі мемлекеттік университетінің Еуразия және Шығыс факультетімен бірлесіп "Бір халық, бір ел, бір тағдыр" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - еліміздің тағдырына жауапты шығармашыл жастарды тәрбиелеу. Екі елдің университеттерінің кездесуі ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты О.Н. Евдокимованың құттықтау сөзінен басталды. 

2019 жылғы 18-29 сәуірде Өскемен қаласының С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде 5В010100-"Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында X Республикалық пәндік олимпиада өтті. Пәндік олимпиада болашақ тәрбиешелердің шығармашылық қабілеттерін, студенттердің кәсіби–педагогикалық іс-әрекетінде қажетті білім мен білік деңгейін анықтауға бағытталды.

2019 жылдың 18 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ дің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Пленарлық жиналыста Ө.Сұлтанғазиннің өмірі мен қызметіне арналған және қазіргі мемлекеттік жастар саясаты мәселесіне байланысты баяндамалар тындалды. Жалпы конференцияға 80 ғылыми мақала түсті.

2019 жылдың 16-18 сәуір аралығында жаратылыстану-математика факультеті көптілділік орталығымен бірлесе отырып, физика, география, информатика, химия, биологияның білім беру бағдарламалары бойынша көптілді тобында оқитын студенттерге арналған онлайн-олимпиада ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты: 2 – 3 курс студенттерін пәндерді тереңдетіп оқытуға танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық бастаманы дамыту; ең қабілетті және жақсы дайындалған 2 –3 курс студенттерін анықтау;

«Педагогика және психология» мамандығында оқитын 1 курс студенттері мен топ жетекшісі Каирова Б.К.18 сәуір күні «Абайдың Қара сөздері Рухани жаңғыру бағдарламасының қайнар көзі»атты кураторлық сағат өткізді. Студенттер Абай атамыздың бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазып кеткен қара сөздеріндегі ұлттық болмысқа, ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты тағлымдық ой-пікірлерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қатар қойып арасындағы өзара үндестікті талдады.

Медиация және халықтық дипломатия мектебінің тыңдаушылары 2019 жылы 15 сәуірде облыстық Достық үйіне барды. Бұл жерде медиация кабинетінің жетекшісі Р. Ж. Мырзағалиев «еңбек қатынасындағы медиация» тақырыбында сабақ өткізді. Руслан Жүсіпбекұлы сабақ басында медиация кабинетін көрсетіп, ғимараттың тарихымен таныстырып, Достық үйіне саяхат жасатты. Сабақ шығармашылық тапсырманы орындаудан басталды. Тыңдаушыларды үш топқа бөліп, ол әрбір топқа «Медиация тарихы», «Медиация жарнамасы», «Медиатордың кәсіби қасиеттері» постерін дайындауды ұсынды. Студенттер тапсырманы сәтті орындады.

2019 жылдың 10-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында педагогикалық ғылымдары бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өткізілді. Республикалық олимпиаданың мақсаты – ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындығын жетілдіру және қоғамдық сананы жаңарту жағдайында педагогика ғылымын дамытуды мақсат еткен талантты, жас педагог-зерттеушілерді анықтау.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары