Үстіміздегі жылы 27 ақпанда әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының оқу-әдістемелік  апталығының аясында  «Тоталитаризм кезеңіндегі тарихи оқиғалар» тақырыбында іс-шара болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - болашақ тарихшыларға тоталитаризм ұғымын түсіндіру мен 1920-1930 жылдардағы тарихи оқиғаларға баға беру. Профессор Аманжол Күзембайұлының модераторлығымен өткен дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен факультетіміздің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері қатысты.

Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К., оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Сатыбалдина Р.А. 26 ақпан 2019 жылы профориентациялық іс-шараларымен, яғни Қостанай педагогикалық колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығында оқитын студенттерді жоғарғы білім алуға шақыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу кезінде Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі мамандықтар бойынша: «Психология»; «Педагогика және психология»; «Дефектология»; «Бастауыш оқыту әдістемесі»; «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» жоғарғы білім алуға шақырылды.

2019 жылдың 26 ақпанында биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Брагинаның туған күнін атап өтті. Жаратылыстану кафедрасының студенттері мен оқытушылары құрметті қонақтар шақырылған салтанатты шара ұйымдастырып, өткізді. Олардың ішінде: академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Г.А. Мусабекова, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Н.А. Медетов, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ энтомологиялық мұражайының меңгерушісі Мариненко Т.Г. сонымен қатар жаратылыстану кафедрасының түлектері мен студенттері қатысты.

2019 жылдың ақпан айының 25 жұздызы күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы Каирова Б.К., Сатыбалдина Р.А. Қостанай қаласындағы № 9 орта мектептің мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Кездесудегі басты мақсат түлектерді жоғарғы оқу орнына шақыру және кәсіби бағыт-бағдар беру. Кездесу кезінде түлектер аталмыш оқу орнындағы мамандықтар туралы толық және нақты мағлұматтар алды. Түлектер университеттегі студенттердің өмірінен, оқу-тәрбие және әр түрлі бағыттағы әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстары, қосымша өз білімдерін толықтыру (шетел тілін үйрену, волонтерлік қозғалыс т.б.) мәселелері туралы жасалған презентациялармен танысты.

Үстіміздегі жылы 25 ақпанда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық кітапхана орталығында Қазақстан тарихы кафедрасының оқу-әдістемелік апталығының ашылуы болып өтті. Апталықтың мақсаты - тарихшылар мамандығын дайындайтын кафедраның әдістемелік жұмысын университет, қала және облыс шеңберінде көрсету арқылы студенттерімізді тәрбиелеу. Кафедра профессор, оқытушылар және әлеуметтік-гуманитарлық факультеті студенттерінің қатысуымен апталықтың жұмыс жоспары таныстырылды. 

2019 жылдың 22 ақпанында өлкетанушылар клубының қызметі аясында біздің облыстың белгілі қоғам және саяси қайраткері, құрметті профессоры және қауымдастырылған, тарих ғылымдарының кандидаты Вишниченко Валерия Георгиевичпен кездесу өтті. Іс - шараның ұйымдастырушысы және модераторы клубтың ғылыми кеңесшісі С.В.Самаркин болды. Кездесу В.Г.Вишниченко туралы телевизиялық сюжетті көруден басталды. Ол туралы тамаша ұйымдастырушы, саясат, шешен, шығармашылық адам, әдемі отбасы туралы әңгімелейді. 

2019 жылы 22 ақпанда У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде «Математика», «География», «Дефектология» мамандықтарының 1-ші курс студенттерімен (45 адам) дің мәселелерін зерттеу орталығының өкілі Д. А. Дисюков пен кездесу өтті. Әңгіме филология факультетінің тілдік дайындық оқу-тәрбие орталығымен бірлесе отырып өткізілді. Кездесудің мақсаты – діни радикализмнің алдын алу және жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту.

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына арналған дөңгелек столы 2019 жылдың 22 ақпаны күні Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ өткізілді. Оған ҚХОА ғылыми сарапаттамалық тобының мүшелері, ЖОО студенттері, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» өкілдері қатысты. Отырысты ҚХА ның және ҚХОА Кеңесінің мүшесі, Ғылыми сараптамалық топ төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекмағамбетов Ә.Б жүргізді. 

22 ақпан күні облыстық Достық үйінде "Ұлы даланың жеті қыры" атты дөңгелек үстел өтті. Отырыста Қостанай жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ҚР Президентінің мақаласына тағы бір рет тоқталып, ұлттық тарихты сақтау және заманауи ғылым тұрғысынан тарихи сананы жаңғырту мәселелерін қарастырды. Дөңгелек үстелге ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В. Г. Вишниченко қатысып, «Тарихи сананы жаңғырту: архивтер мен іздеу-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік іске асырудағы рөлі» атты баяндама жасады.

Филология факультетінің шетел тілдер кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері Қостанай және Астана қалаларында «Edukey» білім беру орталықтары желісінің құрылтайшысы Төлеш Мағзуммен кездесті. Студенттер Қостанай және Астана қаласындағы «Edukey» білім беру орталығында білім беру болашағы мен бос жұмыс орындары туралы білді. Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының студенттері үшін жаңа бағыттар бойынша білім алуға арнайы жағдай жасалған.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары