2019 жылғы бірінші желтоқсанда «Дела житейские» телевизиялық бағдарламасының («Қазақстан-Қостанай» телерадиокомпаниясы) аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі мен жеке феномені туралы қызықты диалог өтті. Бағдарламаға В. Г. Вишниченко (ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры), С. М. Жалыбин (сенаторлар кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, Облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшесі), Р. Г. Нұрмағамбетов (ЧелМУ ҚФ, заң ғылымдарының кандидаты), Д. А. Качеев (А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, философия ғылымдарының кандидаты), Б.Г. Иртаева (Мемлекеттік қызмет ардагері, облыстың іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі) мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарих факультетінің студенттері қатысты.

2019 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ профессоры В. Вишниченко А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге 150 студент қатысты. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі, сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық беделге ие болған бастамалары талқыланды.

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қосымша білім беру департаменті 2019 жылғы 28-29 қараша аралығында профессор-педагогикалық құрам үшін "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Соңғы уақытта біздің көпшілігіміз "Инклюзивті білім беру"деген сөз тіркесін жиі естиміз. Бірақ бәрі нені білдіретінін білмейді. Инклюзивтің бірнеше мағынасы бар, соның ішінде-дені сау балалар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды бірлесіп оқыту. Бүгінде Қазақстанда мұндай оқыту мүмкін. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді енгізу жазылған.

28 ноября на социально-гуманитарном факультете прошел ежегодный традиционный чемпионат по футболу среди студентов 1-4 курсов, посвященный празднованию Дня Первого Президента РК. В чемпионате участвовало 7 команд: «ФК Polus», «Торпедо», «Орел», «Kostacity», «Боруссия», «Ливерпуль», «Зенит». Среди команд играли также и преподаватели социально-гуманитарного факультета. Команды боролись за звание победителя чемпионата и обладателя кубка Чемпиона СГФ по круговой системе, когда каждая команда играла со всеми остальными, где каждая команда имела шанс на победу.

2019 жылғы 28 қарашада ҚМПУ физика-математикалық пәндер кафедрасында «Мейірімділік пен төзімділік күні» тақырыбында  кураторлық сағат өтті. «5В010900 Математика» мамандығының 4 курс студенттері мейірімділік туралы қысқаша бейнеролик көрсетіп, Виктория Муфахарова мейірімділік дәрежесі бойынша шағын тесті өткізді. Студенттер қатысушыларға және бір-біріне алғыстарын білдіріп, оқытушыларға тілектер жазды. Егер мыңдаған қазақстандықтар бір күнде, бір уақытта жақсы істер жасаса, бұл біздің халқымызды бірліктерін білдіреді және еліміз үшін өте маңызды екенін - кураторлық  сағатқа қатысушыларға белгілі болды.

019 жылғы 24 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің бастамасымен мерейтойларын атап өткен соғыс ардагері, 95 жасқа толған мемлекеттік қызмет ардагері      Д. Я. Брусникті және ұзақ жылдар бойы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының (кейіннен университет) кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарған еңбек ардагері Т. И. Давыденконы ресми түрде құттықтады. Салтанатты марапаттау облыстық украиндар қоғамының қамқорлығымен және кітапхана қызметкерлерінің тікелей ұйымдастырылуымен өтті.

Ынтымақтастық туралы шарт пен «Сервистік оқыту» пәнінің жобасы аясында ағымдағы семестр бойы «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері мен «Психология» мамандығының 2 курс студенттері Психология және дефектология кафедрасының оқытушылары Ю.Б.Григорованың, О.В.Калиниченконың, З.Д.Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚК оқушылары арасында адамның өзіне-өзі қол жұмсауына, білім алу ісіне бейімделу деңгейіне, жетістікке жетуге және сәтсіздіктен құтылуға деген уәждің даму деңгейіне диагностикалық зерттеу жүргізді. 

2019 жылығы 20 қарашада «Топырақтану негіздеріндегі тәжірибелік биология» пәні бойынша (аға оқытушы – М. М. Рулёва) "5В011300-Биология" білім беру бағдарламасының 4 курс көптілділік бөлімінің студернттерімен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: Қостанай облысы аудандарының топырағын зерттеу және олардың жарамдылығын бағалау. Жобаны қорғау. 10 апта созылған уақыт ішінде студенттер зерттеу жобаларын орындады, жоба барысында студенттер өздері тұратын ауданнан алынған топырақ үлгілеріне зерттеу жүргізу үшін, бірқатар әдістемелерді игеріп, оның нәтижесінде олар топырақтың механикалық, физикалық және химиялық қасиеттерін анықтап және жер пайдаланушыларға бірқатар ұсыныстар беруі қажет болды. Оқытушы әзірлеген өлшемдер мен дескрипторлар бойынша жобаларды студенттердің өздері бағалады. Сарапшылардың жұмысыда арнайы өлшемдер бойынша бағаланды.

20.11.2019. Пушкин атындағы кітапханада Қостанай қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас мамандары Мадиярова Қарлығаш Хамзановна мен Жұмасаева Зинагул Сағындықовнаның ұйымдастыруымен «Жаңа емле – жаңа дәуір» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Қостанай облысы білім беру мекемелерінің латын графикалы жаңа әліпбиге көшу жайы, оны оқытудың өзекті мәселелері туралы проблемалар көтерілді. 

2019 жылдың 20 қарашасында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтер бөлімі қазақтың ғалым-археологы, шығыстанушы, тарихшы, әдебиет зерттеуші, өнертанушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның туғанына 115 жыл толуына арналған «Марғұланның шығармашылық мұрасы» әдеби-тарихи кешін өткізді. Шара бірінші Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары