«Отбасы – ырыстың ұйытқысы»

2019 жылдың 30 қыркүйегінде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет қабырғасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында студенттердің арасында «Отбасы – ырыстың ұйытқысы» атты ҚР «Отбасы күніне» арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шара психология және педагогика факультетінің деканының орынбасары Алипбаева Г.А. және психология және дефектология кафедрасының оқытушысы Бегежанова Р.К. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттіңпсихология және педагогика, жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеттерінің мен филология департаментінің студенттері қатысты.

Тәрбиелік іс-шара мақсаты – студенттердің отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Студенттерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

«Отбасы – ырыстың ұйытқысы» тәрбиелік іс-шара 4 кезеңнен тұратын сайыс түрінде өтті:

1 кезең – Таныстыру

2 кезең – «Отбасы» тақырыбында мақал-мәтелдер сайысы

3 кезең - «Блиц турнир»

4 кезең – Үй жұмысы «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында бейнеролик,

«Отбасы» тақырыбы аясында өткен іс-шараға студенттер жауапкершілікпен қарап, аса жоғары белсенділік, қызығушылық білдірді. Сайыс нәтижесінде әділ қазылар алқасы шешімімен «Психология және педагогика» факультетінің студенттері І орынға, ІІ орынға әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің студенттері, ІІІ орынға дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері ие болды.

Жеңіске жеткен топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.

30 09 2019 2

30 09 2019 3

30 09 2019 famalyday 1

30 09 2019 famalyday 1

30 09 2019 famalyday 1

Все фото: https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2703752672978142

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз